ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ЖАСТАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

70
0
Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» шалғай елді мекен жастарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша «Забадам» шағын ауданында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру. Түсіндірме жұмыстары барысында базар жастарына мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын 2,5% жеңілдетілген несие жөнінде толыққанды ақпарат айтылып, қажетті құжаттардың тізімі мен оқу барысындағы өзгерістер туралы түсіндіріліп, жадынамалық парақшалар тарқатылды. Айта кету керек, жуырда Шымкенттегі Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарлама негізінде Жастар практикасымен жұмысқа орналасқан Марқаматова Дананың бір күндік жұмысына шолу жасалды. Бағдарламаның шарапатын көріп отырған кейіпкердің бағдарлама турасында өз айтары бар. Нақтырағы пікірін былайша білдірді «Мен медицина — саласында білім алдым. Оқу орнымды аяқтағаннан кейін, мамандығым бойынша жұмыс таба алмай, Жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгіндім. Бүгінде өзім сүйген мамандық бойынша «Бақытты жанұя» орталығында мейірбике болып жұмыс істеп жатырмын». Бүгінде дәл осы бағдарлама негізінде жұмысқа орналасып, тәжірибе жинап жатқандардың қатары қалың.  Айта кетейік, Жастар практикасы уақытша жұмыс орны болып есептеледі. Бағдарламаға 35 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Сондай-ақ айлық есептік көрсеткіші 103 500 теңгені құрайды. Аталған бағдарламаның мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Бірақ жастар жұмысы ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді. Практикаға қабылданып, жұмыс берушіге жолдама алған жас түлек өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиіс. Жұмыс берушіге жауапкершілігі мен ынтасын, талабын таныта алса, жаңа қызметке ие болмақ. Жастар практикасына қабылданған жас 6 ай бойы практикада болады.