АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2379
0

Жастар мен жасөспірімдер арасында өзекті мәселелердің бары белгілі. Бүгінде интернеттің кең қолданысқа енуімен түрлі санаға жат, түсінікке қайшы келетін келеңсіз жайттар жиі тарауда. Мәселен, нашақорлық, темекіге тәуелділік, алкоголизм сынды мәселелермен мектеп оқушылары көп жағдайда дәл осы интернет арқылы танысып, тараған түрлі трендтің арқасында тәуелді болып жатады. Әрине, мұндай кеселді дүниенің арты қылмысқа, құқықбұзушылыққа, бұзақылыққа апаруы бек мүмкін. Сондықтан да мұндай істерден қоғамды, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді сақтандыру үшін түрлі бастамалар көтеріліп, сәтті жүзеге асып келе жатыр. Бұл тұрғыдан келгенде Түркістан қаласында жүзеге асып жатқан шараларды айналып өте алмасымыз анық. Бүгінгі материалымызда осы тақырып турасында тарқата баяндамақпыз.

Түркістан қаласы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде 8-11 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың және оқыс оқиғалардың алдын алу мен жазғы кезеңде оқушылардың келеңсіз жағдайларға тап болуының алдын алу мақсатында 2 мамыр күні жиналыс болып өтті. Жиынға Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Фурхат Әкімжанұлы Джолдасов, Түркістан қаласы полиция басқармасы ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны, мектеп инспекторы Өндірбай Еркебұлан Бауыржанұлы, «Мағзамам» мешітінің имамы  Құлбатыр Нұрғазы қатысты. С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Досова жиналысты ашып, күн тәртібіндегі мәселемен және жиналыс қонақтарымен таныстырып өтті. Әрі қарай сөз тізгінін алған Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Фурхат Әкімжанұлы Джолдасов оқушылардан алкоголь, темекі, наша сияқты зиян әрекеттерден аулақ болуды, сонымен қатар қауіпсіздік шараларын қатаң ұстауды талап етіп, пайдалы кеңестерімен бөлісті. Жазғы каникул кезіндегі өрт қауіпсіздігі, электр қуаты мен құралдары, көпқабатты үйлердегі терезелер қауіпсіздігі туралы да баяндап, қажет ақпараттармен бөлісті. Шомылу маусымында арнайы орындарда шомылу, ол жерлердегі медициналық пункттер мен құтқарушылар тобының кеңестеріне құлақ асу сынды маңызды мәселелерді де тілге тиек етті. Ауылдағы, елді мекендердегі суаттардың, каналдардың қауіптілігіне тоқталды. Түнгі мезгілде , шаршап тұрған кезде, тамаққа тойып алып суға шомылуға болмайтындығын қатаң ескертті. Жас балаларды үйде қараусыз қалдырмау, дәрі-дәрмектерге абай болуын ескерте келе, балалардың  қайғылы оқиғаға тап болуы мүмкін екенін алға тартты.

«Мағзамам» мешітінің имамы Құлбатыр Нұрғазы қоршаған ортаның тазалығына ерекше мән берілуі керек екендігін айта келе, ата-ана мен ұстаздарды құрметтеуге шақырды.  Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны, мектеп инспекторы Өндірбай Еркебұлан Бауыржанұлы сөз алып, мектеп оқушылары арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыс жасау жақсы ма, жаман ба деген сұрақтар беру арқылы ойтүрткі жасады. Ақша салып ойнайтын ойындардан аулық болу, лудомания, буллинг, кибербуллинг, суық қарумен, зиянды әрекеттерден аулық болу, темекі, электронды темекі, ішімдік жайлы мүлдем ойламау керектігі айтылды. Сыныптастарымен, айналасындағы достарымен жақсы қарым қатынас жасау, достықта, бірлікте, ынтымақта болуы керектігі айтылды. Қылмыс жасаудың алдын алу үшін кез келген оқушы бір күнін тиімді ұйымдастыра білуі керектігі сөз болды. Көшеде жүру ережеліне тоқталып, электромапед, самокат айдау ережелеріне база назар аударып өтті. Кешкі сағат 22:00-ден кейін ата анасыз көшеге шықпау, бөтен үйге қонбау, ешкімнің сөзіне ермей, адал болуы керектігі айтылды. Кездесу барысында ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтеуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту, ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық мұраны дәріптеу, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру туралы айтылды. Мектеп-лицей  директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Досова Алия жиналысты қорытындылады.