ТҰРАН-2 ЕЛДІМЕКЕНІНІҢ ІШКІ ОРАМДАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

69
0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Тұран-2 шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарын тексерді. Қазір Тұран-2 елдімекенінде 1 112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Былтыр осы аумаққа жылу, су, кәріз және электр жүйесі тартылған болатын. Қазіргі уақытта əлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамыту тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, салауатты, шығармашылық белсенді ұрпақтың қалыптасуы мен өсіміне, олардың əл- ауқаты мен ұзақ өмір сүру деңгейін өсіруге бағытталған əлеуметтік саясаттың негізгі шараларын ескереді. Бұл мəселелер тұрғын үй мəселесін шешуге жəне жоғары сапалы тұрғын үйге деген халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Сонымен қатар əлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі мен сапасын өсіру тұрғындардың қызметінің мəдени аймағын қалыптастыру, өмірі мен шығармашылығының экологиялық жағдайларын жақсарту, тауарлар мен қызметтер көлемінің өсуін жəне өнімділігін арттыру үшін негіз ретінде өз қызметкерлерінің кəсіби деңгейін жоғарлату, жастар мен ересектер, соның ішінде халықтың барлық топтарының, əлеуметтік қорғау кепілдіктерін құру, халықтың төлем қабілеттілігі артуына байланысты тауарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолданылады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Тұран-2 шағын ауданындағы құрылыс нысандарын аралаған соң, келесі локация Бозарық елдімекеніне бірқатар шолу жасады. Шағынауданда мемлекеттік бюджет есебінен 49 тұрғын үй бой көтерген. Алдағы уақытта аталған аумақта 9 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның даму жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарды қадағалап, мердігер мекемелердің жұмыс кестесін де назарға алды. «График бекітілген, талап бар! Әкімдік тарапынан уақытылы қаражат жіберу жағы шешілген. Тек өздеріңіз қол қойған кестеге сай жұмыс істеу керек!» – деген қала әкімі басқарма басшыларына тұрғындарды баспанамен қамту мақсатындағы жұмыстарды сапалы, әрі жұмыс кестесіне сәйкес аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, Шымкентте мемлекет бюджеті есебінен 67 көпқабатты тұрғын үй салынып, 17 үйдің абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлердің ирригациялық жүйелері тартылып, ішкі жолдары асфальттелген. Қазір аулада көгал төселуде, бригада ауланы абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға қолданысқа дайын 432 пәтерді мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана кезегіндегі тұрғындарға үлестіруді ұйымдастыруды тапсырды.