ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ЭНЗООТИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ 17 СӘУІРДЕ БАСТАЛДЫ

74
0
Шымкент қаласы аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларының алдын алу, адамды, жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктерден қорғау мақсатында, оларды жою бойынша іс-шаралары жоспарланды.
Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан 6 автокөлік (бүркуіш аппараттарымен), 6 бригада (3 адамнан, жалпы саны 18 жұмыскер) жұмылдырылды. Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 17 сәуірінен басталды. Бүгінгі таңда кенеге қарсы 92 300 бас ірі қара мал бүркіліп, 84 000 бас уақ мал тоғытылды. Ал 1 779 198 ш.м қора-жайлармен оларға жапсарлас аумақтар, 375 750 ш.м. буферлік аумақтар, 614 014 ш.м. саябақтар, гүлзарлармен аллеялар аумағы залалсыздандырылды. Айта кету керек, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Түркістан облысы бойынша филиалымен Шымкент қаласы елді-мекендерінде зоолого-паразитологиялық барлау жүргізілді. Нәтижесінде 2 850 иксод кенелері жиналып, барлығынан КҚГҚ негізгі тасымалдаушысы табылған. Ретроспективтік анализге және 2023 жылдың көктемгі ауа райының жағдайына сәйкес зоолого – паразитологиялық барлау, фенологиялық бақылау нәтижесінде кенелердің белсенділігі наурыз айының алғашқы күндерінде басталғанымен, наурыз айының соңғы күндерінде кенелердің жаппай биологиялық белсенділігі күтілген. Осыған байланысты КҚГҚ ауруының алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын наурыз айының 20-нан бастау туралы ұсыныс берілген болатын. Бұдан бөлек, Шымкент қаласында кенеге қарсы көктемгі өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі 19–21 сәуір күндері аралығында 11 елді-мекенде, жалпы көлемі 2 104 200 ш.м жерге жүргілді. Оған 2 автокөлікке қондырылған ОШУ-100 агрегаты қолданылды. Өңдеу жұмыстары ветеринария мамандарымен бір уақытта басталды. Филиалдың өңдеу жұмыстары дезинфекция орталығы, аудандық СЭББ және ауылшаруашылық ветеринария бөлімінің мамандарының қатысуымен жүргізілді.