ҚУЫРШАҚТАР ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Басқа театрлармен салыстырғанда, қуыршақ театрының іші құпияға толы ғажайып сарай секілді, көпшілік біле бермейтін өзіндік сырлары бар. Сол сырдың бірі, көрерменнің көкейінде жүрген сұрақтың бірі қуыршақтарды кім жасайды, қайда жасайды?
Қуыршақ жасайтын цех екі бөліктен тұрады. Бірі – шеберхана болса, екіншісі – тігінхана. Шеберханада қуыршақтың қаңқасы мен тұрпат-пошымы жасалып шықса, тігінханада қуыршақтың киімдері тігіледі. Ең алдымен, қуыршақтың эскизі дайындалады. Оны суретшілер мен көркемдік кеңес әзірлейді. Сосын цехта қуыршақтар ерітіліп, күйдіріліп, балқытылып, түрлі химиялық әдістер арқылы жасалып, кейін қуыршақтың бет-жүзі газетті-картон қоспасы арқылы арнайы бетпошымға құйылып формаға келтіріледі, пішіні ермексаздан жасалады. Бастың формасы қатқан соң, сыртын сылап тазалап, кейін майлайды. Бас формасы бояуға дайын болған кезде эскизге сәйкес боялады. Бәрі қуыршақтың жасалу механизміне байланысты. Бір қуыршақты бір әртіс қана ұстап жүреді деген сөз жоқ, бірнеше әртіс қатар ұстайтын, ойнататын сәттері болады. Қуыршақтардың арасында ең күрделісі – марионеткалар, яғни, жіп қуыршақтар. Оның 4-тен бастап 44-ке дейін жібі болуы мүмкін. Қасы-көзінен бастап, башпайына дейін қозғалатын қуыршақтар. Бірақ бір қызығы, мұндай күрделі қуыршақты бір ғана әртіс алып жүреді. Ал, кейде бір қуыршақтың күлгенін, жүргенін, қарағанын, акробатика жасап, шпагатқа отырып, иіліп-бүгілгенін үш адам жүріп жасайды. Бастысы, бірдей жасау керек. Қуыршақтың түрлері көп. «Марионетка», «ширмовой спектакль», «тростевая кукла», «планшетный», «ростовой» болып аталады. Осындай дүниелерді жасап шығаратын өз ісінің майталман мамандары, театрда он жылдан аса қызмет жасап келе жатқан Серікбаев Талғат, аз уақытта осы жұмыстың қыр сырын меңгерген Асылбеков Болат, Дүйсенбеков Талғатты ерекше атап өткіміз келеді. Ал, дайын қуыршақтарды сәндеп, эскизге сәйкес небір киімдер тігіп, апликациялар жасап, сахна ширмаларына дейін дайындап беретін бесаспап тігіншілердің жұмысы.