АУЛА ІШІЛІК КӨШЕЛЕРДІ АСФАЛЬТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

58
0
Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер маңын ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін аула ішіндегі көшелерді асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта кестеге сәйкес абаттандыру жұмысы жүріп жатқан көшелерді атар болсақ, Желтоқсан көшесі №4,6, Бейбітшілік көшесі №20,22, Мангелдин көшесі №40, Отырар ш/а, 15/1, Байтұрсынов көшесі №59А, Жандосов көшесі №2 көп қабатты тұрғын үй ауласында жүзеге асырылып, аула ішілік көшелер ретке келтірілді және асфальтталды. Сонымен қатар алдағы уақытта дәл осындай абаттандыру жұмыстары Тұран ауданынына қарасты Отырар ш/а №10, Отырар ш/а №59,А.Байтұрсынов көшесі №79, Ғ.Иляев көшесі №13, 4 ш/а №21,Ю.Гагарин көшесі №68, Ю.Гагарин көшесі №88,1 Мамыр көшесі №21,Ш.Қалдаяков көшесі №8, Ш.Қалдаяков көшесі №20, Б.Майлин көшесі №3,5, Ю.Гагарин көшесі №145, Ю.Гагарин көшесі №143 көп қабатты тұрғын үйлер жанында асфальт жабынын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Айта кетейік, Шымкент қаласында 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды. Қалада қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында көшелерде жол таңбаларын жаңарту, бағдаршам, жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдері мен оң жақ өткелдер салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері белгіленген аумақтарға 1079 жол белгісі орнатылып, 220-сы жаңаланды, қажеттілігі бар аумақтарға 10 бағдаршам қойылды. Жыл соңына дейін тағы 4 мың дана жол белгісін орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар орындарда жол қауіпсіздігін қамту мақсатында 400 метр жасанды жол кедергілері орнатылды. Көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Назарбеков — Бәйтереков көшелері қиылысында, Кеңжарық — Патеев көшелерінде, Бәйдібек би даңғылы, Тұран шағын ауданына бұрылыста оң жақ өткелдер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ, Алаш, Бекжан базарлары маңында, Темірлан тас жолы мен А-2 айналма жолында 3 жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс жұмыстары атқарылуда.