БАСТЫ МАҚСАТ- ЖАСТАРДЫ ШЫҢДАУ

85
0
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жастар басқосқан кездесу болды. Оны ұйымдастыруға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і қызметкерлері, «AQNIET ақпараттық-насихаттық және оңалту орталығы» мұрындық болды.
Кездесуде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім сақтау, ұлт араздығы мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау, әскери борышты өтеу сынды мәселелер айтылды. Қазіргі кезде аға ұрпақтың елге үлгі болар қай ісін болмасын білімді, белсенді жастар іліп әкетіп, оны өз деңгейінде атқарып, өз замандастарының көшін ілгері бастауда. Кездесуде осындай жастарды үлгі ете отырып, жастар мәселесіндегі жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту сияқты жастарының қордаланған мәселелері туралы сөз болды. Соңында жастар өзара пікірлесіп, кейбір түйткілді мәселелердің күрмеуін қалай шешуге болатындығы жөнінде пікірлесті. Айта кету керек, бұдан біраз уақыт бұрын Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлеріне арналған республикалық жастар академиясының 3 күндік оқу семинары аяқталды. Арқаның кербез сұлу Көкшетауы атанған Көкшеге қарасты, Зеренді ауданындағы іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен келген 100-ден астам жастар қызметкерлері түрлі тренингтерге қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара аясында өткен “Әділетті Қазақстан — адал азамат” атты жиында Ақпараттық және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ельдос Рамазанов, “Amanat” партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек те сөз сөйлеп, жастармен пайдалы ақпараттармен бөлісіп, ұсыныстарын тыңдады.