ҚАЛАДА ШАХМАТ ҮЙІРМЕСІНЕ ҮЙІР БАЛАЛАР КӨП

68
0
Шымкент қаласында спорттың жекелеген түрлерін, сонымен бірге кәсіби спортты дамыту шарлары жүйелі жүргізілуде. Атап айтқанда, спорт мекемелері, спорттық тапсырыс жобасы аясындағы ұйымдар, спорт түрлерінен әуесқой клубтары және жергілікті федерациялары тарапынан спорт секциялары ашылып, жұмыс істеуде.
Биыл Ұлттық және ат спорт түрлері кешенді спорт клубында «Дәстүрлі садақ ату» спорт түрінен спорт секциясы ашылып, 20 жасөспірім жаттығуға тартылды. Шымкент қаласының «Дәстүрлі садақ ату» федерациясында дәстүрлі садақ ату спортын дамыту үшін үйірмелерде 100-ге жуық қалалық шұғылдануда. Қазіргі уақытта шаһарда жан басына шаққандағы спорттық секцияны қаржыландыру бағдарламасы аясында 20 спорт түрімен 16790 жуық бала спорт үйірмелермен қамтылды. Шымкент қаласының шахмат федерациясы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе шахмат спортын жалпы орта мектептерде жүргізу мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 36 сағатты қамтитын семинар өткізіліп, 324 мұғалімге сертификат тапсырылды.
Қазіргі таңда мектептерде ашылған шахмат үйірмелерінде 20 мыңнан аса бала қамтылып отыр. Ал, кәсіпкерлер тарапынан ашылған ұйымдар мен орталықтарда 1000-ға жуық бала шахмат секциясында шеберліктерін арттыруда. Қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану үшін қала аумағындағы саябақтарда арнайы шахмат үстелдері мен алаңы орнатылған. Сонымен қатар, қала аумағында жеңіл атлетика спортын дамыту және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жеке кәсіпкерлер және тағы басқа ұйымдардың қызметкерлерінен құралған «Әуесқой жүгірушілер» клубтары жұмыс істеп жатыр. Онда 400-ге жуық шұғылданушыға білікті мамандар арнайы жаттығу жұмыстарын өткізуде. Спорт түрлерінің дамуына қаламыздың жалпы әрбір тұрғыны өз үлестерін қосып келеді.