ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Қазақстан Республикасының Еңбек Заңнамасы аясында 2023 жылдың 6 айында Шымкент қаласында 730 азаматтың өтініші қаралды. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде өткен баспасөз брифингте айтты.
Өз сөзінде Бауыржан Қалжанов «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарманың негізгі функцияларының бірі — жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау. Есепті кезеңде басқарма тарапынан 730 азаматтың өтініші қаралды. Нәтижесінде 114 тексеру жүргізіліп, 167 бұзушылық анықталды (еңбек қатынастары бойынша – 145, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 22). Анықталған бұзушылықтардың 118-і жойылып, заңға сәйкестендірілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 65 нұсқама беріліп, 6,8 млн.теңгеге 31 айыппұл салынды, оның ішінде 4,6 млн.теңге көлеміндегі 25 айыппұл өндірілді» деп атап өтті. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Еңбек Заңнамасы аясында 2023 жылдың 6 айында Шымкент қаласында 730 азаматтың өтініші қаралды. Жалпы Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарманың негізгі функцияларының бірі — жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау. Есепті кезеңде басқарма тарапынан 730 азаматтың өтініші қаралды. Нәтижесінде 114 тексеру жүргізіліп, 167 бұзушылық анықталды (еңбек қатынастары бойынша – 145, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 22). Анықталған бұзушылықтардың 118-і жойылып, заңға сәйкестендірілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 65 нұсқама беріліп, 6,8 млн.теңгеге 31 айыппұл салынды, оның ішінде 4,6 млн.теңге көлеміндегі 25 айыппұл өндірілді.