TOLEM ФУНКЦИЯСЫ «OPEN API» ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ КЕҢЕЙТІЛМЕК

67
0
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында — Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов брифингте мәлімдеді.
«TOLEM» компаниясы өзінің платформасындағы экожүйені және функционалдығын кеңейту, пайдаланушы базасын ұлғайту және клиенттер үшін сервистерді жақсарту, әртүрлі қызмет салаларында цифрландыруға және сервистерді жақсартуға жәрдемдесу мақсатында «Open API» озық технологиясын енгізуде. Open API (ашық бағдарламалық интерфейс) – бұл үшінші тарап қосымшалары мен қызметтерін жасаушыларға TOLEM платформасымен өзара әрекеттесуге және оның функционалдығын пайдалануға мүмкіндік беретін протоколдар мен құралдар жиынтығы. Open API ұсыну басқа компаниялармен интеграция мен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Компанияның серіктестері мен әзірлеушілері енді ашық API арқылы деректерге, компанияның мүмкіндіктеріне және қызметтеріне қол жеткізе алады. Бұл TOLEM платформасымен интеграцияны жеңілдетеді, инновациялық қосымшаларды жасауға және компания өнімдерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады» — деді спикер. Спикердің сөзінше, қала бойынша барлық қоғамдық көліктерде арнайы терминалдар мен QR-кодтар орнатылған. Тұрғындардың 62%-ы TOLEM жүйесімен қолданады. TOLEM жүйесі қаламыздағы 150 мектепте енгізілген. Яғни, тегін тамақпен қамтылған оқушылар асханамен қоғамдық көлікте қолданатын Төлем картасы немесе қосымшадағы динамикалық QR арқылы есеп айырысады. Айта кетк керек, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікті маршруттарға 876 автобус шығады, жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1000 автобусты құрайды. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Өздеріңізге мәлім, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 200 мыңға жуық. Айта кетейік, I-kolik мобильді қосымшасымен 100 пайыз қоғамдық көлік қамтылған.