ЖАСТАР ЖОЛДАУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕСТІ

102
0

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  биылғы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау аясында Оңтүстік Қазақстан Педогогикалық Университетінің «Коворкинг» орталығында студенттердің қатысуымен «Жаңа Қазақстан жастары» атты пікірсайысы өтті.

Мақсаты — мемлекет басшысының жолдауындағы жастарға қатысты айтылған бірнеше бағыт-бағдарларды жастарға насихаттау. Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақыру. Пікірсайыста модератор Бектас Тұрдыбаев, ОҚМПУ Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Тасболат Бекдаулет және Жастар ресурстық орталығының маманы Қайыржан Бөгенбай төрешілік жасады.

Кездесуде М.Әуезов атындағы ОҚУ Оппозиция жағында, ал ОҚМПУ Үкімет жағында өзара сайысқа түсті. Жастар саясатының өзекті тақырыптары және  жас қызметкерлердің имиджін жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар, Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолы аясында Жолдауға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жалпы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы қоғам тарапынан кең талқыланып жатыр. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде маңызды құжатта айтылған бастамалар жайы сөз болып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға!» бағдарламасы, зейнет жасын ұзартуға шек қою, медицина мен білім саласына айрықша назар аудару сынды бағыттар баршаның бірдей көңілінен шығып отыр. Бұдан бөлек, алдымызда президент сайлауы, Мәжіліс пен мәслихат сайлауы келе жатыр. Елдің алдағы даму бағытын айқындайтын саяси науқанның маңызы қашан да жоғары. Сондықтан дайындық жұмыстары да басталуда. Мұның өзі еліміздегі саяси партиялардың белсенді жұмыс істеп, халықпен тығыз қарым-қатынаста болуына ықпал етпек. Сондықтан елдің дамуына, қоғамның гүлденуіне әрбір қазақстандық үлес қосуы тиіс!