КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

63
0
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы 31 шілде күні «ӘЙЕЛ АНА, ӘЙЕЛ-ӨМІР, ӘЙЕЛ-ЖАР» тақырыбында кездесу өткізді. Қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған шараға «Қазығұрт» мөлтек ауданына қарасты әйелдер қатысты.
Іс- шараның негізгі мақсаты- аналарымыздың өзіне деген сенімін арттыру, өзін өзі бағалау, өмірдің қиын жағдайына ұшыраған әйелдерге қолдау көрсету,өз құқықтарын таныстыру болып табылды. Алғы сөз кезегін алған Шымкент қаласы Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльенора Ағабекқызы нәзік жанды аруларымыздың қоғамда, отбасында атқарып отырған қызметіне тоқталды, сондай-ақ кәсіпкерлік жолында жеткен жетістіктері мен еңсерген биіктері жайлы әңгіме өрбітті. Келесі кезекте №11 қалалық емхананың гинекологы әйелдің репродуктивті денсаулығын қорғау, әйелдер арасындағы созылмалы аурулардың алдын алу жайлы баяндама оқыса, емхана психологі зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша, тұрмыста әйелдерге қатысты күш көрсетушілік фактілерінің алдын алу, еркектер мен арулардың құқықтары тең екендігін атап өтті. Тағылымы терең іс-шара ассоциация мамандарының психологиялық тренингке ұласты. Айта кету керек, 28 шілде күні Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы «БАҚЫТТЫ АНА – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» атты кездесу ұйымдастырды. Қаладағы №6 емханада өткен қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған жиында Самал 3 шағын ауданының нәзік жандылары мен медицина қызметкерлері қатысты.⁣⁣ Іс-шараның мақсаты – әйелдердің жағдайын, олардың құқықтары мен мансаптық өсу, кәсіби дайындық мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ, отбасы мен жұмыс арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті сақтау. «Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы- Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбековна Жандосова өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Еркін форматта өткен кездесуде әйелдер көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алып, танымдық іс-шара өткізілгеніне өз алғыстарын айтты.