ЫНТЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

59
0
Биылғы жоспарға сәйкес елдімекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы құрылыс жұмыстары қала аумағында 6 нысанда жалғасуда. Олар -Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле ш.а, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га. Жуырда Ынтымақ шағынауданында да газдандыру құрылысы басталды. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған елдімекенде болып, жұмыс барысын қадағалады. Мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС жұмысшылары мен техникалық қадағалаушылар жалпы жұмыстың әзірге 10%-н атқарды.
Жоба бойынша газ құбырларының ұзындығы 76,42 шақырымды, газдың қуаттылығы 15 255,36 м3/сағ. Құрайды.
Нысан толық пайдалануға берілгенде 4534 тұрғын үй табиғи газға қосылады. Өндірістік кестеге сай газдандыру құрылысы келесі жылы аяқталып, елдімекен халқы орталықтандырылған желіге қосылады. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға газ құбырларын жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтап, жергілікті халықтың қолайсыздығын назарға алуды ескертті. Сондай-ақ қала аумағындағы өзге де нысандардағы газдандыру жұмыстарының сапасын, өндірістік кестеге сай атқарылуын қадағалауды тапсырды. Айта кету керек, биыл қалада табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы 6 нысанда жүргізілуде. Газдандыру жұмыстары Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық шағынаударында атқарылуда. Бүгінде Солтүстік Саяжай елдімекеніне көгілдір газ берілді. Шағынауданда құрылыс жұмыстары былтыр сәуір айында басталған болатын. Жалпы абонент саны 6 мыңға жуықтайтын елдімекенде құрылыс толық аяқталып, абоненттеу жұмыстары басталды.   Мегаполис тұрғындарының қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында биыл Нұртас шағынауданын толық газдандырып, Ынтымақ-2 елдімекенінде газ жүйесінің құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Жыл соңына дейін елдімекендердің табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 94%-дан 96%-ға жететін болады.