«АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ» 20-ДАН АСТАМ ТҰРҒЫНҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

60
0
Медиация апталығы аясында қаладағы «Достық үйі» ғимаратында «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті.
Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Л.Ақшегірова, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ жаттықтырушы-медиаторы Н.Оразкұлова, медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор С.Абдукаримова қоғамдық қабылдау өткізді. Республикалық акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық мәселелер, азаматтар арасында туындайтын даулар бойынша тегін консультациялық кеңестер беруді мақсат еткен. Апталық аясындағы «Ашық есік күнінде» 20-дан астам қала тұрғыны отбасылық және әлеуметтік мәселелер бойынша құқықтық кеңес алды. Шымкент қаласында медиация апталығы барысында халық арасында 70-ге жуық сауалнама жүргізіліп, әлеуметтік желілерде «Бірлік пен келісім – қоғамның әл-ауқатының кепілі» челленджі жарияланды. Қазіргі таңда 6 кәсіби, 6 қоғамдық медиатор халық арасында түсіндіру, этномедиация ұғымын ілгерілету бағытында бірлесе жұмыс атқаруда. Айта кету керек, жуырда «5 тамыз – Медиация күні» мерекесіне орай қаладағы «Достық үйі» ғимаратында «Медиация – татулық тірегі» тақырыбында семинар өтті. Медиация апталығы аясында ұйымдастырылған жиынға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Б.Әділханов, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов, «Еуразиялық медиация орталығы» ҚБ жетекшісі Л.Ақшегірова, қалалық медиация орталықтарының төрағалары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ — нің қызметкерлері қатысты. Шымкент қаласында медиация апталығы барысында халық арасында 70-ге жуық сауалнама жүргізілді. Қазіргі кезде қалада 4 медиация орталығы жұмыс істейді. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе қызмет атқарып келеді. Ассамблея медиаторларының тізіліміне 12 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация ұғымын ілгерілетуде жүйелі жұмыстар жүргізуде.