ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

67
0
17 тамыз күні «Оңтүстік» шағын ауданы тұрғындарына қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған шара өтті.
Сала мамандарының қатысуымен Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы және № 34 Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері қатысты. Аталған жиын тәрбиелік мәні жоғары отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету тақырыбы аясында өтті. Түсіндірме жұмысы барысында отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, қоғамдағы келеңсіз мәселенің өзектілігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесу форматында өткен іс-шарада қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері бойынша сұрақ-жауаппен ұласып, ұсыныс-тілектер назарға алынды. Сондай-ақ концерттік бағдарлама, психологиялық тест жүргізіліп, белсенді қатысушыларға сыйлықтар таратылды. Айта кету керек, бүгіндері шымкенттік нәзік жандылар ерлермен қатарласып, еліміздің саяси, экономикалық және қоғамдық өміріне белсене араласып жүр. Сонымен қатар, әйелдер өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, бірқатары түрлі кәсіптің тұтқасын ұстаған. Осыған орай, 28 шілде күні Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы «БАҚЫТТЫ АНА – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» атты кездесу ұйымдастырды. Қаладағы №6 емханада өткен қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған жиында Самал 3 шағын ауданының нәзік жандылары мен медицина қызметкерлері қатысты.⁣⁣ Іс-шараның мақсаты – әйелдердің жағдайын, олардың құқықтары мен мансаптық өсу, кәсіби дайындық мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ, отбасы мен жұмыс арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті сақтау. «Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы- Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбековна Жандосова өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Еркін форматта өткен кездесуде әйелдер көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алып, танымдық іс-шара өткізілгеніне өз алғыстарын айтты.