АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

155
0

Әлеуметтік қолдау шаралары — бұл мемлекет немесе басқа ұйымдар тарапынан қоғамның осал топтарына, соның ішінде аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, жұмыссыздарға, көпбалалы отбасырға және басқа да топтарға көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы. Бұл шаралар азаматтардың өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік теңсіздікті азайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды. Әлеуметтік қолдау шаралары бірнеше бағытта көрсетіледі. Әлеуметтік жәрдемақылар — балаларға, көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге және басқа да топтарға мемлекет тарапынан берілетін ақшалай төлем. Оның қатарына атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы төлемдері, балаларға жәрдемақы және басқа да төлемдер жатады.

Екіншісі — жұмыссыздықты қолдау. Бұл — жұмыссыз қалған адамдарға жұмыс іздеуге көмек көрсету, оларды қайта оқыту немесе кәсіби бағдар беру бағдарламалары арқылы қолдау. Бұл шараларға жұмыссыздарға жәрдемақы беру де кіреді. Үшіншісі — тұрғын үйді қамтамасыз ету. Оған аз қамтылған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету, жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру, жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау шаралары жатады.  Төртіншісі — білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қолдау. Оған мектеп жасындағы балаларға тегин билім беру, мүгедектерге арнайы білім беру мүмкіндіктерін жасау жатады. Денсаулық сақтау саласында осал топтарға тегін медицинские қызмет көрсету шаралары да осы бағыттың еншісінде. Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтарды қоғамға толық интегралау мақсатында психологиялық, медициналық, кәсіби реабилитация бағдарламалары жүзеге асырылады. Жалпы әлеуметтік қолдау шаралары халықтың әл-ауқатын жақсартуға, кедейшілік деңгейин азайтуға және қоғамдағы әртүрлі топтарға тең мүмкіндік беруге бағытталған. Бұл тұрғыдан келгенде еліміздің үшінші мегаполисінде атқарылып жатқан жұмыстардың қатары қалың. Мәселен, жыл басынан бері Шымкентте  8 511 отбасының 44 342 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылардың саны 29,7 пайызға азайған. Мәселен, 2023 жылдың осы кезеңінде 12 108 отбасындағы 61 605 адам атаулы әлеуметтік көмек  алған. Бұл көрсеткіш жұмыспен қамту шараларының оң нәтижесін көрсетеді. 1-6 жас аралығындағы балаларға төленетін 1,5 АЕК көлеміндегі (5 538 тг) жәрдемақы биыл 7 608 отбасының 14 907 баласына берілді. Бұл көрсеткіш те төмендеген. Өткен жылы 12 927 отбасындағы 24 521 балаға төленген. Биыл 28 пайызға азайған. Жалпы, 2024 жылдың III тоқсанына арналған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 36 637 теңгені құрап отыр. Бұл көмек әр отбасының жан басына шаққандағы орташа кіріс пен кедейлік шегінің арасындағы айырмашылық негізінде есептеледі. Атаулы әлеуметтік көмек  алушылардың 12 482-і еңбекке жарамды азаматтар. Олардың 7 369-ы өтініш берген кезде жұмыс істеп жүргендер болса, қалғаны жұмыспен қамту шараларына тартылып жатыр. Нақтырақ айтқанда, 436 адам нәтижелі жұмыспен қамту шараларына қатысқан: 265 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 48-і қоғамдық жұмыстарға, 15 адам жастар практикасына, 17 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Сонымен қатар, 46 адамға кәсіпкерлік бастамалары үшін қолдау көрсетілді. Бұл көрсеткіш қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шараларының оң нәтижесін көрсетіп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайтып келеді.

Атаулы әлеуметтік көмек — бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің аз қамтылған отбасылар мен жеке азаматтарға материалдық қолдау көрсету мақсатында жүзеге асыратын маңызды шаралардың бірі. АӘК кедейшілік деңгейін төмендетуге және әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл көмек тек нақты мұқтаж отбасыларға немесе жеке адамдарға көрсетілетіндіктен, оны атаулы деп атайды. АӘК-нің негізгі мақсаты — табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға қолдау көрсету. Бұл көмек отбасы мүшелерінің базалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, балалардың білім алуы мен дамуын қолдауға, кедейшілікті жеңілдетуге бағытталған. Сонымен қатар, бұл шара арқылы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайтуға тырысады. АӘК алу үшін азаматтар белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Төменде АӘК алу шарттарының негізгі тізімі берілген. Отбасының табысы: АӘК тек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға беріледі. Бұл табыс отбасының әр мүшесіне есептелінеді, және осы есептеу нәтижесінде отбасының табысы анықталады. Мемлекеттік органдарға өтініш беру: АӘК алу үшін жергілікті әкімдіктерге немесе халықты әлеуметтік қорғау орталықтарына өтініш беру қажет. Өтінішке қажетті құжаттар мен отбасының табысы туралы ақпарат қосылады. Қайта қарау және растау: АӘК алуға өтініш берген азаматтардың табысы және өмір сүру жағдайлары арнайы комиссия тарапынан тексеріледі. Бұл көмек нақты мұқтаж адамдарға берілуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. АӘК екі негізгі түрге бөлінеді. Шартсыз ақшалай көмек: Бұл көмек отбасының жұмысқа жарамды мүшелері болмаған жағдайда немесе олардың жұмыспен қамтылуы мүмкін емес жағдайда беріледі (мысалы, қарт адамдар, мүгедектер). Бұл көмек азаматтардың күнделікті өмірін қамтамасыз етуге арналған. Шартты ақшалай көмек: Бұл көмек отбасының жұмысқа жарамды мүшелері міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына қатысуы немесе қайта оқыту курстарына баруы керек болған жағдайда беріледі. Бұл отбасының экономикалық белсенділігін арттыруға және өздеріне көмек көрсету мүмкіндігін жасауға бағытталған. АӘК еліміздегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол келесі артықшылықтарға ие. Кедейшілікті азайту: АӘК табысы төмен отбасыларға қаржылай қолдау көрсетіп, олардың кедейшілік жағдайынан шығуына мүмкіндік береді. Балалардың дамуын қолдау: АӘК отбасылардың балаларға қажетті білім беру, денсаулық сақтау және басқа да маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмектеседі. Жұмыспен қамту мүмкіндіктері: Шартты ақшалай көмек арқылы азаматтардың жұмыс табуына, жаңа дағдылар меңгеруіне қолдау көрсетіледі. Қорыта айтсақ, АӘК — Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың маңызды және тиімді құралдарының бірі. Ол азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кедейшілік деңгейін азайтуға, сондай-ақ қоғамдағы теңсіздікті жоюға бағытталған. АӘК тек материалдық көмек қана емес, сонымен бірге азаматтарды қоғам өміріне белсенді қатысуға ынталандырады, олардың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек қоғамның осал топтарының өмір сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарады.