ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗ ОЙЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ

7
0

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан елімізде өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуына барлық жағдайлар жасалып келе жатыр. Мәселен, соңғы бірнеше жылда елімізде орын тапшылығын жою мақсатында қыруар іс атқарылды. Қаншама жаңа әрі заманауи білім ордалары пайдалануға берілді. Осының арқасында саладағы бірқатар мәселелер шешімін тапты. Бұл ғана емес, бүгінде ақпарат алмасу мен алу мүмкіндігіне барша ие. Сәйкесінше, жастар да түрлі тақырыптардағы білімін арттырып, ойында жүрген пікірлерін ашық жеткізіп жүр. Жасыратыны жоқ, бүгінде қоғам арасында елдің дамуына кедергі болатын әлеуметтік кеселдер баршылық. Оның қатарына нашақорлық, құмарпаздық, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық түйткілдерін жатқызуға болады. Бұл тұрғыдан келгенде, бүгінгі мектеп оқушылары да құқықтық сауатын арттырып, ойыларын ашық білдіріп жүр. Толығырақ тарқатар болсақ, бүгінде еліміздің барлық өңірінде пікірсайыс турнирлері ұдайы өткізіліп тұрады. Онда еліміздегі сан түрлі мәселелер кеңінен талқыланып, ұтымды ұсыныстар айтылып жатады. Мұның маңызы зор. Өйткені дәл осы турнрилер арқылы жастардың көкейінде жүрген сауалдарын, ойларын, пікірлерін білуге болады. Жуырда осы тақырыпты арқау еткен ауқымды шара Түркістан қаласында ұйымдастырылған болатын. Дәл осы білім сайысында жастар сыбайлас жемқорлық мәселесін де талқылап, ойларын ортаға тастады. Бүгінгі материалымызда аталған тақырып турасында кеңірек тарқатпақпыз…

Түркістан қаласының білім бөлімі мен облыстық білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен 9-10 сынып оқушылары арасында бөлімге қарасты Қ.Сәтпаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің базасында қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заман талабына сай бейімдеуді мақсат еткен турнирге бөлімге қарасты 34 мектептен 22 фракция қатысып, ой ұшқырлықтарын көрсетті. Нәтижесінде «Қазақ лигасынан» Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінің «Ел ертеңі» фракциясы І орынға ие болса, «Орыс лигасынан» Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясының «Жарқын болашақ» фракциясы жеңіске жетті. Ал, «Ағылшын лигасында» М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының «Rise» фракциясы жеңімпаз атанып, облыстық турнирге жолдама алды. Барлық жеңімпаздар бөлімнің  марапатына ие болды.  Пікірсайыс соңында Түркістан қаласы білім бөлімінің әдіскері М.Искакова қорытынды сөз алып, қатысқан командаларға алғысын жеткізді. Міне, осы білім мен идеялар қақтығысында сыбайлас жемқорлық түйткілдері де сөз болды. Оқушылардың пікірінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады. Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар. Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет – жекелеген бағалау, нормалар емес, олардың жиынтығы, сомасы емес, керісінше тұтастық ретінде алынған құндылықты элементтер. Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді. Мәдениет – пассивті, қажетсіз, жүзеге аспаған білім, білік, сенімдер емес. Ол өзіндік процесті, ішкі қызметті білдіреді, оның негізінде өзара іс-қимыл, өзара өту және білім, білік-дағдының, тұлғаның құзыретінің, оның сенімінің, ақпараттық, сезімдік және күшжігер компоненттерінің түйісу жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет рухани мәдениет жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Адам мәдениет субъектісі ретінде еңбек, саяси, этикалық, эстетикалық, адамгершілік және басқа мәдениеттердің жанашыры болып табылады, ол өзара тығыз байланысты, ал әртүрлі үйлесімде кірпияз симбиозды қалыптастырады. Мәдениет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет айрықша функцияларды орындап, қоғамның белгілі бір тұтастығы мен ұйымшылдығын сақтай отырып, ерекше орын алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өз мазмұнына мәдениеттердің барлық қалған түрлерінің элементтерін қамтиды, бұл олардың тұтастығының жалғыз субъектісі ретінде адамның өзінің табиғатымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ерекшелігі мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес. Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы тығыз байланыстың барын белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті. Осындай адамның мазмұны құқықтық мәдениет болып табылатыны маңызды. Қазіргі әдебиетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мазмұны негізінен құқықтық құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті толықтай құқықтық мәдениетке апару дұрыс емес. Құқықтық мәдениет мысалы, адамгершілік, саяси мәдениетпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тек бөлігі ғана. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» ұғымы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсініледі. Сондай-ақ ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік деңгейде сыбайлас жемқорлықпен күресу дегеніміз – азаматтық қоғаммен және бизнес қауымдастығымен бірлесе отырып мақсатты түрде жұмыс жүргізу. Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламалау мемлекет пен қоғамның идеяларды қалыптастыру кезеңінде, сондай-ақ іс-әрекеттің бағдарламалары мен нақты болжамдарын қалыптастыру кезеңінде өзара тиімді әрет етуін қамтамасыз ететін тетік ретінде түсіндіріледі. Бұл тетіктің көмегімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен келтірілген зиянды өтеп, жауапкершілік пен бұлтартпау шараларының жоғарғы нәтижелілігіне қол жеткізуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және өзге де шаралардың үйлесімді қолданысы қамтамасыз етіледі. Бағдарлама негізінде болжамды қызмет жоспары әзірленеді.