БАЗАР ЖАСТАР ЛИГАСЫ: НӘЗІК ЖАНДЫЛАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

61
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкентте көптеген спорттық шаралар өтуде.
Солардың бірі, Жастар ресурстық орталығының бастамасымен бастау алған — «Базар жастар лигасы» турнирі. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бастау алған турнир екі кезеңде өткізілді. 2 апта бойына жалғасқан сайыс, төрешілер бақылауымен ережеге сай ұйымдастырылды. Естеріңізде болса, өткен аптада ұлдар арасында кіші футболдан жеңімпаздарды анықтасақ, бұл жолы нәзік жандылардың үздіктері айқындалды. Базар жастар лигасының басты мақсаты, сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді пайдалану және жастар арасында бұқаралық спортты дамыту. Айта кетейік, спорттық сайысқа, Барыс, Тұлпар, Авто-Нұр, Айна, Жібек жолы, Алаш, Акбар, Көне қала, Пионер, Орталық қырғы базарлары мен Технодом, Evrika, Магнум, Мечта, Sulpak, Север сауда орталығынан 160 жастан жинақталған 16 команда қатысты.
Нәзік жандылар арасында өткен турнирдің марапаттау рәсіміне Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, салауатты өмір салтын ұстанған жандарға ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ, жеңімпаздарды марапаттап, командаларға Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы атынан арнайы дипломдар мен кубок табыс етті.
Турнирдің нәтижесі бойынша:
• 1 орын – «Sulpak» командасы(10-планшет)
• 2 орын – «Магнум» командасы(10-смартфон)
• 3 орын – «Тұлпар» командасы(10-велосипед) иеленді. «Базар жастар лигасы» турнирінде жеңімпаз атанған барша командаларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!