АУДАН АУМАҒЫНА ҚАРАСТЫ 18 ЕЛДІ МЕКЕН ТОЛЫҚТАЙ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

40
0
Ағымдағы жылы Қаратау ауданына қарасты Сайрам және Қызылсу елді мекендеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылады. Бұл туралы Шымкент қаласы ақпараттық коммуникациялық орталығы алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов айтты. 
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағындағы 1200 абонентті электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылатын болады. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан инвест бағдарлама аясында Тассай, Таскен, Қайтпас және Сайрам елді мекендерінде электр желілері мен трансформаторлар алмастырылуда. 2023 жылы Тұран шағын ауданында газ құбырын тарту құрылысы аяқталып, абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Тассай т/а, Нұртас ш/а құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, жыл соңында елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші 96% құрайтын болады деп жоспарлануда. 2025 жылға дейін аудан халқын табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Халық қатысатын бюджет» шеңбері аясында аудан әкімдері тарапынан аумақты көгалдандыру, тротураларды жайластыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу, қоқыс тастайтын орындарды жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу, аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру іс-шаралары дауыс беруге шығарылады және іске асырылады. Бұл ретте Қаратау ауданы аумағында 2021 жылы 2 жоба, 2022 жылы 20 жоба жүзеге асырылса, 2023 жылы 92 жобаны жүзеге асыру жопарланған. Қазіргі таңда 62 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, құрылыс жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 41 балалар және 12 спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүругізілуде.