«STOP BULLYING» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгінгі таңда жастар арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі –«№5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің» жастарының қатысуымен «Stop bullying» тақырыбындағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы,полиция майоры- Ирисбеков Рахымжан Испандиярович қатысты
Бұндай іс-шаралардың мақсаты — жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және дұрыс психологиялық ахуал қалыптастыру. Кездесу барысында жастарға алдымен «буллинг» жайлы толыққанды мағлұматтар айттылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ зорлық-зомбылық жайында бірқатар ақпараттар айтылып және бірнеше сергіту сәтінің ойындары ойнатылды. Айта кету керек, Шымкентте биыл жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобасы басталғалы бері 300-ден астам азаматтан өтініш түскен. Бүгінгі таңға 164 адам оң қорытындысын алған. Оның ішінде 129 азаматқа шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап кетті. Жас кәсіпкерлердің бизнес-жоспарлары бүгін кезекті комиссия отырысында қаралды. Жиында шағын несие алуға үміткер 40 азаматтың бизнес-жобалары тыңдалды. Нәтижесі бойынша хаттама түзілуде. Жастардың басым көпшілігі ауыр жүк көлік тасымалы, ірі қара мал бағу мен сауда-саттық дүкендерін ашу идеяларын ұсынуда. Мемлекетік қолдау 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса кепіл берушіні тартуға болады. Таяуда кепілді мүлік түрлерінің тізбесі де кеңейтілді. Кепілмен қамтамасыз ету ретінде қосымша екінші деңгейлі банк шоттарындағы ақша қаражаты; республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік; жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері; жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері; бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері; мамандандырылған техникалар қабылданады.