СЫҒЫМДАУ АКТІСІ ЖОҚ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРГЕ ЖЫЛУ БЕРІЛМЕЙДІ
Қыстан қысылмай шығу үшін жылу беру маусымына дайындық жұмыстары үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл тұрғыда орталық жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарының да дайындығы маңызды. Себебі жылу беретін мекеме жылуды тұрғын үйдің элеваторына дейін жеткізіп береді. Ал жылудың сапалы түрде ары қарай әр пәтерге баруы тұрғындардың өздерінің дайындығы мен жауаптылығына байланысты.
Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты 926 тұрғын үйдің 897-сі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Көпқабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша «Қуатжылуорталық-3» МКК және аудан аумағындағы 7 қызмет көрсетуші мекемелерімен бірлесіп, арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Күні бүгінге дейін 897 тұрғын үйдің 797-не сығымдау жұмыстары жүргізілді.
«Қыс – қыр астында». Ауа райы тосын мінез көрсетіп, қарлы-жаңбырлы күндер жылдағыдан ерте түсіп қалуы ғажап емес. Сондықтан жылу маусымына ыждаһатталық танытып, өз күштерімен немесе қызмет көрсету мекемелерімен келісімшарт түзу арқылы дайындық жүргізулерін сұраймыз,- деді Әл-Фараби ауданы әкімдігі. Аудан әкімдігі берген мәліметке сәйкес, аудан аумағында осы салаға жауапты 7 мекеме бар. Олар:
1. «ШымкенЭлитСервис» ЖШС/ Мақсат Аликулов
(Қабанбай батыр №28б, 8 775 744 57 37);
2. «Еркін» ЖК/ Еркін Парынбек
(Өзбек №3б, 8 778 992 21 88);
3. «Теплокомсервис» ЖШС/ Әуесхан Манкентбаев
(16 ш/а №17 үй, 8 702 655 05 82);
4. «Аширбеков» ЖК/ Алдаш Аширбеков
(Күншығыс №2, 8 702 288 65 98);
5. «Молиз» ЖК/ Ғалымжан Ахимбеков
(Сайрам ш/а №1, 8 702 728 56 98);
6. «Nur-D» ЖШС/ Дархан Мамырқұл
(Отырар ш/а №17/7, 8 707 678 24 21);
7. «Kazconstruction» ЖШС/ Нұрсұлтан Айдаров
(Қожанова №10, 8 775 510 82 48);
Қосымша ақпарат алу үшін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 54 -96-54 байланыс нөміріне хабарласуға болады. Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін алдын ала тексеруді, жөндеу жұмыстарын жүргізуді және сығымдаудан өткізуді сұраймыз.
Жауапты мекемелер сығымдау актісі болмаған жағдайда жылу берілмейтіндігін ескертеді.