ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТҚА СЫН

81
0
Ұлттық ізгі дәстүрімізді сақтай отырып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу – қоғамның да міндеті. Мирас университетінің студент қыздар кеңесінің көтерген мәселесі осы тақырып төңірегінде болды. Жиынға 1 курс студент қыздары қатысты.
“Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі қыз баланы тәрбиелеу деген сөз- ұлтты тәрбиелеу деген сөз.Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала ержеткенде сол әдетін сақтайды.”Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді. Жиынға қатысқан мамандар енді оқуға түскен, әлі оң-солын жақсы ажыратпаған қыздарға аталған жиынның мәнісін түсіндіріп, ақыл-кеңестерін де берді. Басқосу соңы сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын айтты. Айта кету керек, бұған дейін «Авимед» көпсалалы колледжінің студенттері арасында отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған «Қызым саған айтам» атты қыздар жиыны болды.

Онда қыздар арасындағы ерте жүктілік, денсаулық, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды ақпараттар берілді. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры аясында жиынға іскер әйелдер ассоциациясының төраймы, гинеколог, психолог маманы қатысып, студент қыздардың мазалаған сұрақтарына жауап берді. Қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де білікті қыз бала тәрбиелеуге бағытталған іс шарадан қатысушылар құнды тағылымды ақпараттар алды. Бұдан бөлек, «Авимед» көпсалалы колледжінің базасында ұлағатты ұл тәрбиелеу мақсатында «Тау тұлға ӘКЕ, ізбасар ҰЛ» тақырыбында ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында ұлдар кеңесі өтті. Маңызды басқосуда шекара басқармасының подполковнигі, уролог, психиатр-нарколог мамандары қатысып, отбасы институтын және әкелердің отбасылық тәрбие берудегі рөлін нығайту мәселесі талқыланды. Материалдық құндылық пен рухани құндылықтар туралы құнды пікірлер айтылды. Жастар тағылымды шаралардан ой түйіп, айтары бар, қоғамда өзіндік орнын қалыптастырған азаматтардың тәлімін тыңдады.