МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУЛЕР НӘТИЖЕСІНДЕ ЖАЛПЫ 65 ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы, Мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы Бастар Есқараев айтты.
Метрология саласы бойынша құқық қорғау органдарының бастамасымен 12 тексеру жүргізілсе, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде 3 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Аталған тексерулер нәтижесінде жалпы 65 заңбұзушылық анықталып, анықталған заңбұзушылықтар негізінде бақылау субъектілеріне 7 003 500 теңге көлемінде айыппұл салу туралы хаттама толтырылып, айыппұл толығымен бюджетке өтелді. Сонымен қатар, Департаментпен ірі көлемде «SCAT» Әуекомпаниясы» АҚ«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 419 бабы 1 бөлігі, 2-тармағы талаптарын сақтамағаны үшін 1600 АЕК (5 520 000 тг) мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Кодекстің дәл осы тармағымен 1600 АЕК (5 520 000 тг) мөлшерінде айыппұл салынып заңға сәйкес 50%-дық жеңілдікпен айыппұлдың жарты соммасын яғни 800 АЕК (2 760 000 тг) мөлшерінде айыппұл бюджетке өтелді. Жалпы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде осы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы 43 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 10 әкімшілік рәсімге тыңдалым өткізілді. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес қаралып, тиісті жауаптар берілді. Жыл басынан бері, департамент басшысы 45 жеке қабылдау өткізіп, қабылданған азаматтарға қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес түсіндірме берілді. Сонымен қатар, департаментте жыл басынан бері жалпы жүргізілген тексерулер саны 230 болды. Жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келген өтініштер негізінде 11 жоспардан тыс тексеру, 207 бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау және құқық қорғау органдарының бастамасымен 12 тексеру жүргізілді.