ШЫМКЕНТТЕ А ВИРУСТЫ ГЕПАТИТІ АУРУШАҢДЫҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫ БАЙҚАЛУДА
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Тұрымбетова Айгүл Мелесқызы баспасөз конференцияда айтты.
«Вирустық гепатиттер – қоздырғыштары А, В, С, D, Е вирустары болатын бауырдың жұқпалы-қабыну ауруларының тобы. Олардың әрқайсысы гепатоциттерге тікелей немесе жанама зақымдау әсерін тигізіп, ағзалардың функциясының бұзылуына, ал бірқатар жағдайларда – күрделі, кейде өмірге қауіпті асқынулардың (цирроз, бауыр обыры) дамуына әкеледі. Науқастардың ағзасына көптеген жылдар бойы теріс әсер ете отырып, сауығумен аяқталуы немесе созылмалы түріне айналуы мүмкін. Вирустар әртүрлі жолдармен беріледі.
А және Е гепатиті — ластанған тамақ өнімдері мен су арқылы, В гепатиті — қан және ағзаның басқа да сұйықтықтары арқылы, С гепатиті — негізінен жұқтырылған қан және D гепатиті В гепатитімен ауыратын науқасқа қосымша инфекция ретінде жүреді. Кез келген вирустық гепатиттерді диагностикалауға және емделушіге терапияның барынша тиімді тексеріп, емдеумен медицина қызметкерлері көмектеседі. Мұқият тексеру және қажетті тексерулердің нәтижелері дәрігерге аурудың жағдайының ағымы туралы толық түсінік береді, сол мәліметтердің негізінде науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес ем тағайындайды. Гепатологтардың, инфекционистер мен гастроэнтерологтардың тағайындауларын сақтаған жағдайда, науқастардың жағдайлары жақсарады.
Шымкент қаласы бойынша көп жылдық талдау жасау барысында А вирусты гепатиттің аурушаңдығының жоғарылауы байқалуда. 2023 жылдың 8 айында 79 жағдай «А» вирусты гепатиті тіркеліп, 100 мың тұрғынға 6,7 көрсеткішін құрады, 2022 жылдың салыстырмалы кезеңінде 3 жағдай тіркелген. 2022 жылы 3 жағдай ғана тіркеліп, 0,28 көрсеткішін құраған. Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 44 жағдай тіркеліп, ауырғандардың 55,6% құрады», — деді А.Тұрымбетова.
Спикердің айтуынша, науқастардың кәсіптік құрамына талдау барысында 79 жағдай:
Оқушылар – 24 жағдай (30,3%)
Ұйымдастырылған балалар – 11 жағдай (13,9%)
Ұйымдастырылмаған балалар – 18 жағдай (22,7%)
Басқа топқа жататын ересектер – 26 жағдай (32,9%).
Ауырғандардың ішінде 2 бала 1 реттік егуін алса, 12 бала 2 реттік егуін алғандар арасында тіркелген. 13 (29,5%) баланың ата-анасы егуден бас тартқан, 4 балаға денсаулығына қарай медициналық шегерім берілсе, 1 бала егу жасына жетпеген, ал қалған 12 (29,5%) баланың егулері белгісіз.
Сонымен қатар науқастармен қарым-қатынаста болған үй ошағында 217 адам тіркелген, балалар 86, егуі бар 54, ұйымдастырылған ұжымнан 90, оның ішінде 75 бала ВГА қарсы егілген. 47 баланың «А» вирусты гепатитіне қарсы егулері жоқ, оның ішінде 5 бала эпид.көрсеткішіне қарай егілді, 8 баланың ата-анасы егуден бас тартқан, 6 балаға медициналық шегерім берілген, 12 баланың жасы егу жасына жетпеген, қалған 16 бала себепсіз егілмеген.