ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИҺАЗ ӨНІМДЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

“Көрме” орталығында жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ғимараттарын жабдықтауға арналған жиһаздар көрмесі ұйымдастырылды. Олардың қатарында нарықта белгілі «Mega Smart», «Ақниет Holding», «Alem Luxury», «Шымснаб 13», «СК Аймақ», «Қыдырбаев», «Shymloft» фабрикаларының тауарлары бар. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жиһаз түрлерімен танысып, мектептерді жоба талаптарына сәйкес жабдықтау бойынша нақты тапсырмалар берді.

