ШЫМКЕНТТЕ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

81
0
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Базарбеков Қайрат Мейірханұлының қатысуымен2023 жылдың 9 айында ветеринария саласы бойынша атқарылған жұмыстар төңірегінде өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.
«Шымкентте эпизоотиялық ахуал тұрақты. Қала аумағындағы 8 сібір жарасы көмінділері топографиялық картаға түсірілген, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпарат жүйесінде (АИС ГЗК) тіркелген, мемлекеттік актілері алынған, айналасы талапқа сай 5 ш/м, 1,5 метр биіктікте бетондалып, арнайы «Сібір жарасы» деген жазуы бар белгілер қойылған. Сондай-ақ 9 мал қорымдарының (биотермиялық шұңқыр (7 типтік үлгіде, 2 қарапайым)) аумағы биіктігі 2 метрден кем емес дуалмен және бөгде адамдар мен қаңғыбас жабайы жануарлар кіре алмайтындай етіп арнайы қақпа орнатылған. Барлық биотермиялық шұңқырлар ветеринариялық талаптарға сай және мемлекеттік акті құжаттары рәсімделген. Шымкент қаласы аумағындағы сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдары жер асты су көздері мен су қорғау аймақтарынан алшақта орналасқан. Сонымен қатар аталған ветеринариялық объектілерді су алу қаупі жоқ», — деді басқарма басшысының орынбасары. Спикердің айтуынша, ауыл шаруашылығы жануарларының аса жұқпалы ауруларына қарсы вакцина егу және ветеринариялық зерттеуге қан сынамасын алу, сырға салып, ветеринариялық паспорт беру, кенеге қарсы залалсыздандыру, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарын «Ветеринариялық қызмет» МКК жүргізеді. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бұйрығымен, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық (бруцеллез, жұқпалы эпидидимит, аусыл т.б) зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық (құтыру, аусыл, сібір жарасы, қарасан, күл т.б) егу жұмыстары жоспарланып, жұмыстар жоспарға сәйкес орындалуда. Атап айтқанда, жыл басынан эпизоотиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, қала аумағындағы 1 045 216 бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «Сібір жарасына» қарсы 54 050 бас МІҚ, 56 750 бас уақ малға, 10 бас-түйе, 7 000 бас жылқыға, 1 500 бас шошқаға егу жұмыстары жүргізілді. Осы жылы 19 699 бас уақ малдан, 14 422 бас ірі қара малдан, 2 189 бас жылқыдан, 784 бас шошқадан алынған төлдер сырғаланып, құжаттандырылды.