ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА КЕЛУШІ ЗИЯРАТШЫЛАР МЕН ТУРИСТЕРДІҢ САНЫ 678,5 МЫҢ АДАМҒА ЖЕТТІ
2023 жылдың 9 айдың қорытындысымен Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 678,5 мың адамға жетті, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1% өсті.
Сонымен қатар, 2023 жылы қаңтар-қыркүйек айларында шетелдік туристер саны 6,7 мың адамға жетті, яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,1 пайызға өсті (2022 жылы осы кезеңде 5,4 мың адам). Облыс орталығында қонақ үйлер саны бүгінде 57-ге жетті.
Қала аумағында 2023 жылы ауқымды 73 мәдени іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, «Түрленген, гүлденген Түркістан» тақырыбымен республикалық ақындар айтысы, Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына байланысты өнер жұлдыздарының қатысуымен салтанатты концерттік бағдарлама, қала күнінен орай, «Түркістан-бақ мекенім» мерекелік концерттік бағдарлама қала тұрғындарына ұсынылды. Сонымен қатар, биыл 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Ағымдағы жылы қалада ірі спорттық іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, әуесқой футбол лига ойындары, Б.Саттарханов атындағы бокстан республикалық турнир, «Turkistan Marathon-2023» Халықаралық марафон және т.б. Сонымен қатар, 2023 жылы қазан айында О.Жарылқапов атындағы стадион жаңартылып, 2050 орынға лайықталған стадион пайдалануға берілді.
Түркістан қаласында 252 спорт нысаны бар. Атап айтсақ: 2 Спорт сарайы, 3 стадион, 4 спорт кешені, 150 спорттық жазықтық құрылғылар (спорттық манеж-22, спорт ойын алаңдары-128), 18 теннис корты, 6 жүзу бассейні, 69 спорт зал бар. Түркістан қаласында жалпы 128 ашық спорт алаңшалары бар. 2019-2020 жылдары жасанды төсенішімен салынған 64 ашық алаңша бар еді. Қазіргі таңда заманауи үлгідегі жасанды төсеніші бар алаңшалардың саны 112-ге артты.