«ЖАРЫҚ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының әкімі жауаптылармен бірге Бозарық шағынауданындағы «Жарық» тұрғын үй кешеніндегі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын қадағалады.
Бұл аумақта 5 қабатты 3 тұрғын үй салынған. Үйлер қазір газ, су, электр, кәріз жүйелерімен толық қамтылды.
Тұрғын үй кешенінің жер телімін заңдастыру жұмыстары да аяқталған.
Алайда, жол, абаттандыру мәселелері өзекті. Осыны ескерген қала әкімі жауапты сала басшыларына тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша тапсырмалар жүктеді. Осы бағыттағы жұмыстарды мерзімінде аяқтап, пәтерлерді тиісті азаматтарға үлестіруді тапсырды.