ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

934
0
Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 2024 жылдың 22 қаңтар күні сағат 9:00-де басталады.
🔷 Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін көмек. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде беріледі.
🔷 Талаптарға сәйкес, өтініш берушіде және онымен бірге тұратын отбасының әрбір мүшесіне заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 айда орташа табысы 134 562 теңгеден аспауы тиіс. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдары қосылмайды.
🔷 Айта кетейік, өтініштер «кezekte.kz.» интернет ресурсы арқылы қабылданады. Өтінім жіберу үшін азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.