ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

1065
0
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің төрағалығымен өткен мәжілісте жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды. Құқық қорғау органы өкілдерімен қатар, тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен жиында қала аумағында көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау, жол-көлік оқиғаларын алдын алу шаралары пысықталып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтуда маңызды шешімдер қабылданды. Бқл туралы Шымкент қаласы әкімдігі хабарлады. 
Өкінішке орай, былтыр қалада жалпы 650 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2022 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің өскені байқалған. Бұл жағдай жол қауіпсіздігі қамту шараларын күшейтуді қажет етуде. Халықтың қауіпсіздігін қамту үшін көлік қозғалысын оңтайландыру арқылы апатты жағдайларға тосқауыл қою мәселесі – бүгінде қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің жеке бақылауында. Әкім тапырмасына сәйкес, кешенді жоспар аясында өзекті мәселелер жойылып, нәтижелі жұмыстар атқарылады.
– Бізге қалада жол-көлік оқиғасына қатысты статистиканы түбегейлі төмендету мақсатында жұмыла жұмыс жүргізу міндеті жүктеліп отыр. Себебі әрбір цифрда адамның денсаулығы, өмірі тұр. Сондықтан, халқымыздың қауіпсіздігін қамту үшін тиімділігін көрсеткен әлемдік тәжірибелерді енгізу мәселесін қарастырайық. Бұл ретте, ең алдымен, бөлінген қомақты қаражатты тиімді жұмсау, мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану маңызды. Нәтиже шығару біздің жүйелі жұмысымызға тікелей байланысты, әріптестер. Ай сайын осы бағытта атқарылған нақты шараларды пысықтап, бекітілген жоспар аясында жұмыс істейміз, – деді қала әкімінің орынбасары.
Биыл қала аумағына 3 мың бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Айдын Мейрамбекұлы сала басшыларына камераларды ұтымды орнатуда, көшелерді жарықтандыруда, жол белгілерін талапқа сай қоюда нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ ақпараттандыру шараларын күшейту қажеттігін ескертіп, құзырлы органмен бірлесе қауіпті учаскелерде жұмысты жандандыру үшін нақты ұсыныстар негізінде жоспар әзірлеуді тапсырды.