ҰЛТТЫҚ КИІМ КИЮ КҮНІ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СИПАТ АЛДЫ

866
0
Аппараттық мәжіліске қатысушылар 18 наурыз – Ұлттық киім кию күніне орай, ұлттық нақышта киініп келді. Мерекелік көңіл күй сипат алған жиында тұрғын үйлердегі жеделсатыларды жаңғырту және күтіп ұстау, сондай-ақ электр энергетикасы мәселелері көтерілді.
🔷 Кезекті мәжілісте қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының м.у.а. Мәлік Әбдінұров лифт мәселелері бойынша баяндама оқыды.
🔷 – Бүгінде қалада 794 лифт бар. Оның 645-і тұрғын үйде, 55-і денсаулық сақтау мекемелерінде, 37-сі білім басқармасы ұйымдарында, ал 57-сі қоғамдық орындарда орналасқан. Биыл модернизация бағдарламасымен 23 жеделсатыны ауыстыру көзделген. Одан бөлек, 4 лифт ауыстыруды қажет етеді, – деді М. Әбдінұров.
🔷 Мәлік Құттымбетұлының айтуынша, лифт үйдің ортақ мүлкіне жатады. Сондықтан тұрғындар ортақ мүлікті күтіп ұстау, күрделі жөндеу және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
🔷 Қазіргі таңда қалада 81 елдімекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған. Ендігі кезекте 12 шағынаудан мен тұрғын алаптың жаңақұрылыс аумақтарын сапалы жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
🔷 Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұловтың сөзінше, 2024 жылы 14 электр нысанының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін 8-ін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
🔷 Жиын барысында қала әкімі баяндама оқыған басқарма басшыларына жоспарланған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, аудан әкімдері мен тиісті сала басшыларына қала тазалығын жаяу жүріп қадағалауды міндеттеді.