«ҰЛТТЫҚ СЕЗІМ» ЖОБАСЫ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ

243
0

Ұлттық киімді дәріптеуді мақсат еткен «Ұлттық сезім» жобасын қолдаушылардың қатары артып келеді. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі еңбек ұжымдары аптаның әр жұмасында жұмысқа ұлттық киім киіп, қазақы әшекей бұйымдарды тағып келуді дәстүрге айналдырған.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан аумағында ұлттық киімнің сән-салтанатына арналып, қазақ мәдениетін насихаттауды мақсат еткен «Ұлттық сезім» жобасы жалғасып жатыр.

Алғашында флешмоб ретінде қолға алынған жаңашылдық бүгінде үлкен жобаға айналды.

— Бастама мәдени байлық пен дәстүрге баса назар аудара отырып, ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. Көп саяхаттап, басқа елдердің мәдениеті мен дәстүрлерін тамашалап, сол мемлекеттердің тұрғындары тарихи мұраларын ерекше құрметтейтініне таң қалдым! Әсіресе, Таиланд пен Жапония тұрғындары өздерінің ұлттық киімдерін мақтанышпен байқадым. Ұлттық киім арқылы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тарихқа деген құрметті аңғардым. Біздің тарихи және мәдени мұрамызды сақтау ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Біздің мақсатымыз — дәстүрді сақтап қана қоймай, барша қазақстандықтарды өз тарихы мен мәдениетін мақтан тұтуға шабыттандыру, — дейді «Ұлттық сезім» жобасының бастамашысы Қанат Көпбаев.

Жоба ең алғаш қолға алынған уақытта еліміздің жетекші ұйымдарының 7 200-ден астам қызметкері қолдау көрсеткен.

Олардың қатарында Kusto Group, Tas Group, Chocofamily Holding, BI Group, Astana Group, Invictus, Novopack, Bilim Media Group, Ordamed Group, MYD Production, SDC, Freedom Holding Corp, Ұлттық спорт түрлері қауымдастықтары мен федерациялар бар.

— Бүгінде жобаны Қазақстанның 100-ден астам компания мен білім беру ұйымы барынша қолдап жатыр. Жалпы қатысушылар саны 20000 адамнан асты. Қуантарлығы, қолдаушылардың саны күн сайын артып келеді. Тек Наурыз мейрамында ғана емес, жылдың кез келген күнінде ұлттық киімді киіп жүру сәнге айналып барады. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлттық болмысымызды нығайту ең маңызды міндет екенін атап көрсетті: «Кейбір ірі компаниялар, оқу орындары ұлттық нақыштағы киімдерді кию тәжірибесін қазірдің өзінде енгізіп жатыр. Бұл — дұрыс бастама». Біздің күш-жігерімізді Президенттің атап өткеніне қуаныштымыз, — дейді жоба жетекшісі Оксана Шкрыгунова.