ШЫМКЕНТТЕ АЭРОВИЗУАЛДЫҚ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Апат айтып келмейді. Мұны биыл еліміздің біраз аумағын алған су тасқыны кезінде айқын біліп, анық түсіндік. Міне, сонда әлеумет үйінен үдере көшті. Артынша талай адамның баспанасы су астында қалды. Бұл сабақ болуы тиіс. Бұл тұрғыдан келгенде, Шымкент қаласында төтенше жағдайдың алдын алу шаралары қарқынды түрде жүргізіліп келе жатыр. Жыл сайын қала әкімі тиісті сала басқармаларымен бірге қаланың бірқатар маңызды аумақтарын тексеріп, тиісті тапсырмаларды беріп келеді. Соңғы жылдары қала аумағынан өтетін каналдардың арнасын тазарту, арықтар салу, су тасқыны болуы мүмкін аумақтарда қауіпсіздік шараларын көру сынды бастамалар жүзеге асты. Мұның өзі өңірдегі төтенше жағдайдыМұның өзі өңірдегі төтенше жағдайдың алдын алуға сеп болары айқын. Қауіпсіздік шаралары қазіргі уақытта да белсенді жүргізіліп келе жатыр. Жуырда осы мақсатты көздеген бақылау жұмыстары жүргізілген еді. Бүгінгі материалымызда аталған тақырып турасында кеңірек тарқатуды жөн санап отырмыз…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен қала аумағында аэровизуалдық тексеру жүргізді. Тексеру барысында су тасқыны, сел және көшкінге қауіпті учаскелерді қарады. Тұрғын аймақ, су қоймалары, Бадам су реттегішінің жоғарғы бөлігі және Бадам өзені бойындағы Сайрам-су өзенінің жағдайын бақылады. Бұдан бөлек карьерлер, гидротехникалық және кәріз тазарту нысандарының ағымдағы жағдайын тексерді. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, өзендердің ағысы орташа. Тексерудің нәтижесінде қала әкімі жауапты мамандарға су тасқынына қауіпті аймақтарға бақылауды күшейтуді және қажет болған жағдайда су қоймаларын алдын ала әрі қауіпсіз түрде босату бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Жалпы бұған дейін Шымкент қаласының аумағындағы өзендер мен каналдарды тазалау жұмыстары жүргізілген болатын. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының тапсырмасымен мердігер мекеме қызметкерлері Республика даңғылы мен Алматы тас жолы арқылы өтетін “Қошқар-ата” мен Республика даңғылының бойындағы “Қарасу” өзенін қоқыстан тазартты. Сонымен қоса, 2 каналға Әлімбетов көшесіндегі “Жаңа шек” пен Бәйдібек би көшесінің бойымен өтетін “Чинат-1” каналдарына механикалық және санитарлық тазалау жүргізілді. Бұл ғана емес, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласы әкімінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылы Білім басқармасына қарасты ұйымдарының 1000-нан астам қызметкелерін «Төтенше жағдай уақытындағы қауіпсіздік» тақырыбында оқытып, оқушыларды түрлі төтенше жағдай уақытындағы дағдыларға үйрету мақсатында арнайы құралдарды (конспект,презентация, бейнеролик) әзірлеп ұсынған болатын. Аталаған жоспардың орындалуын қадағалау мақсатында сондй-ақ мұғалімдерге методкиалық көмек көрсету үшін Департамент қызметкерлері «Alan International school» мектебінің базасында «Жер сілкінісі уақытындағы қауіпсіздік» тақырыбында өткен сабаққа қатысты. Аталған сабақтар, түрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға, және балалардың қауіпсіздік мәденитетін арттыруға бағытталған. Айта кету керек, gov.kz сайтында су тасқынына қарсы іс-шаралар орындарынан онлайн трансляция қолжетімді болды. Sergek VMS кешенді бейнебақылау жүйесінің арқасында қазақстандықтар нақты уақыт режимінде Атырау облысы мен Атырау, Орал, Қостанай қалаларындағы жағдайды бақылай алады. Бөгеттер, бекіністер салу бойынша нақты уақыттағы жұмыстардың барысы туралы барлық жағдайды бейнебақылау камералары арқылы бақылауға болады. Бұл жедел әрекет етуге және маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. «Еліміз үшін осындай қиын кезеңде біз де өз тарапымыздан су тасқынына қарсы шараларға өз үлесімізді қосып жатырмыз. Енді әрбір азамат онлайн-трансляция арқылы Орал, Атырау, Қостанай қалаларындағы су тасқынына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексере алады. Үлкен суға дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар үшін белсенді азаматтарға, компанияларға, төтенше жағдайлар қызметі мен әкімдік қызметкерлеріне алғыс білдіреміз» дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта gov.kz порталына Атырау қаласы мен Атырау облысы бойынша 22 камерадан, Орал қаласы бойынша 6 камерадан және Қостанай қаласындағы 6 камерадан бейне ағындар шығарылған. Sergek Group мамандары онлайн түрде хабар таратуды Sergek аппараттық-бағдарламалық жүйелері жұмыс істейтін басқа қалаларда іске асыруға дайын. «Біздің компания пандемия, Қаңтар, Абай облысындағы өрт кезінде қол үшін берген. Бұл жолы да шетте қала алмады. Табиғи апат туралы білгеннен кейін бірден: біз қалай көмектесе аламыз деген сұрақ туындады. Қазіргі уақытта ТЖ жедел штабтарында және зардап шеккен елді мекендерде біздің 14 қызметкер жұмыс істеуде. Олардың барлығы өзен арнасының өзгеруін және су ағынының келуін бақылау үшін бейне мониторинг жүйесінің мүлтіксіз жұмысын қамтамасыз етуде», — деді Sergek Group бас директоры Әсет Ахметов.