Барлығымызға бағыт болар бағдаршам

302
0

Бүкіләлемдік өркениет көшіне ілескен егемен еліміздің күн санап қарышты қадам басуы, алдыңғы қатардағы мемлекеттер қатарынан көрінуі көп жағдайда оның ішкі тұтастығына, әсіресе әлеуетті құрылымдарының қуаттылығына тікелей байланысты. Мемлекет тұғырының беріктігін сипаттайтын сондай салмақты мәселенің бірі заңдылықты бұлжытпай сақтап, заң бұзушылық фактілеріне жол бермеу, қандай да болмасын әділетті жолдан ауытқымау дер едім.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің, дамыған экономикалық және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру бағыты айқындалды. Еліміз егемендігін алып, өз жолымен дербес даму жолына түскен алғашқы кезде әділет органдарының қызметінде де елеулі қиындықтар туындап, мұның өзі кей жағдайда жұмысты ұйымдастыруда түйіні қатты, түйткілі мол бірқатар проблемаларды алға тартқаны жасырын емес. Арада өткен жиырма жылда мемлекеттіміз аяғынан тұрып қана қоймай, дүниежүзіндегі өркениет көшіне ілескен елдермен терезесін теңестірді, әлемде Қазақстан атты ел барын, Қазақ деген ұлт барын танытты. Президент Н.Назарбаев жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында мұның барлығы атап өтіліп, мазмұндалған еліміздің XXI ғасырдағы орнықты даму стратегиясымен байланыстырылған.
Тағы бір атап өтерлігі, Елбасының бағдарламалық мақаласы достығымыз бен берекеміздің одан әрі нығая түсуі үшін баршамызға бағытталғаны. Біздің барлығымыздың күш-жігеріміз осындай қоғамды құруға міндеттеуі өте құптарлық-ақ. Мұны Елбасының ұлт болашағын көксеген ерекше еңбегі деп қабылдаған ләзім. Ортақ нәтижеге қол жеткізуде әрқайсымызда оны өзімізден бастауымыз керек деген қағидат жатуы тиіс. Ұзақ мерзімді міндетті орындау үшін алдымен елдің барлық саласы төрт аяғын тең басуы керек. Бұл дегеніңіз, қазіргі ақсап жатқан көптеген кемшіліктерден арылтып қана қоймай, кез-келген жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алатындай мәңгілік ел болу жолында түпкілікті даму, Ал осы көздеген мақсатымызға жетудің жетекші салаларының бірі және бірегейі құқықтық саясатты жетілдіру болып табылады. Осыған орай, Елбасы жүктеген міндеттің үдесінен шыға білу — әрбір білімі мен біліктілігі, кәсібі даярлығы мен рухани кемелі артқан қазақстандық азаматтың мәртебелі парызы екенін ұмытпайық. Елбасы Жолдауы баршамызға бағыт берер бағдаршам болуы тиіс.

Әбдімұрат БАЙЖІГІТОВ,
ҚР ӘМОҚ Аймақтық құқықтық ақпарат орталығының директоры.