АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

129
0

Жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін басты мәселелердің бірі. Ол мемлекеттік қызмет көрсету сапасын төмендетіп, экономиканың тұрақтылығына нұқсан келтіреді, содай-ақ халықтың үкіметке деген сенімін азайтады. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту – бұл мәселемен күресудің ең тиімді жолдарының бірі. Жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – қоғамда адалдық, ашықтық және әділеттілік қағидаларын қолдайтын, жемқорлыққа төзбеушілікті дамытатын орта қалыптастыру. Жемқорлыққа қарсы мәдениетти дамытуға арналған ең маңызды құралдардың бірі – білім беру. Білім беру жүйесінде адалдық пен әділдік, моральдық құндылықтар мен жемқорлықтың зиянды салдары туралы білімді мектеп және жоғары оқу орындарынан бастап енгізу қажет. Оқушыларға жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерлерін түсіндіру, оларды адалдық қағидаларына тәрбиелеу арқылы болашақ ұрпақты жемқорлықсыз қоғам құруға ынталандыруға болады.

Мемлекеттік және жеке секторда ашықтық пен есептілікти қамтамасыз это – жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңызды аспектілерінің бірі. Мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекеттері ашық, если беруші және бақылауға алынатын болуға тиіс. Бұл мақсатта ақпараттың ашықтығын арттыратын электрондық жүйелер, қаржылық есептер және қоғамдық бақылау механизмдері пайдаланылуы қажет. Қоғамның барлық мүшелерін жемқорлыққа қарсы күреске тарту қажет. Халық арасында жемқорлықтың зияны мен оған қарсы күресу жолдары туралы ақпарат тарату, қоғамда жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру маңызды. Бұған БАҚ, әлеуметтік желілер, қоғамдық ұйымдар мен жастар арасында өткізілетін ақпараттық науқандар үлкен үлес қоса алады. Мемлекеттік қызметкерлерді жемқорлыққа қарсы оқыту және этика қағидаларын түсіндіру – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың бір бөлігі. Қызметкерлерге адалдық, ашықтық және қызмет барысында жауапкершілікті сақтаудың маңыздылығын үнемі айтып, олардың жемқорлыққа қарсы заңдарды және өз міндеттерін түсинуін қамтамасыз ету қажет. Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін құқықтық механизмдерді күшейту және жемқорлықпен күрес заңдарын қатайту қжет. Жемқорлық жасағандарға арналған жазаны қатайту, қатаң заңдардың орындалуын қамтамасыз ету – қоғамдағы жемқорлыққа төзбеушілік сезімін нығайтады. Қоғамдық ұйымдар мен БАҚ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. БАҚ арқылы қоғамда болып жатқан жемқорлық әрекеттерін жариялау, олар туралы ашық ақпарат тарату халықтың жемқорлыққа деген қатынасын өзгертуге ықпал етеді. Адалдық пен әділдікке ынталандыру үшін мемлекеттік қызметкерлер мен компаниялар арасында мотивациялық бағдарламалар енгізуге болады. Мысалы, адал және ашық жұмыс істеген қызметкерлерді марапаттау, оларды қоғам алдында дәріптеу арқылы жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға болады. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту – ұзақ мерзімді және кешенді процесс. Оған мемлекет, қоғам және әрбір азамат белсенді қатысуы қажет. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту арқылы ғана қоғамда әділеттілік, адалдық және ашықтық орнап, еліміздің тұрақты дамуы мен азаматтардың өмір сүру сапасының артуына қол жеткізуге болады. Жемқорлықсыз қоғам құру – әр азаматтың борышы және қоғамның жалпы мақсаты болуға тиіс. Осы орайда, жастар мен жасөспірімдердің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Мемлекеттік рәміздер — ұлттық құндылық» тақырыптары бойынша Түркістан қаласындағы №13 Ә.Науаи атындағы мектеп-гимназиясында ақпараттық-насихаттық топтың кездесуі өтті. Жиналысқа қалалық Ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспектор маманы — Жансая Мұхатметжанқызы, Түркістан ҚПБ ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция майоры С.Кулбайымбетов, Түркістан ҚПБ ЖПҚ Ювеналдық полиция тобының аға УПИ полиция майоры К.Қапашов, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Туреханов Шерали Махсаталиевич, аға тәлімгер Абдуллаева Анажан қатысып, тақырыпқа қатысты құнды мәліметтермен бөлісті.

Айта кетейік, білім саласы – қоғамның дамуында, экономикалық өсуінде және болашақ ұрпақтың қалыптасуында маңызды рөл атқаратын салалардың бірі. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық білім беру жүйесіне терең зиян келтіріп, оның сапасы мен қолжетімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық білім беру сапасын тікелей төмендетеді. Оқытушыларды жалдау, аттестациялау және қызметте көтерілу кезінде парақорлық, тамыр-таныстық орын алса, бұл жүйеге қабілетсіз, біліксіз адамдардың кіруіне жол ашады. Осының салдарынан білім беру сапасы нашарлайды, оқушылардың алған білімдері олардың нақты өмірде қолдануына тиімсіз болады. Жемқорлықтың тағы бір көрінісі – әділетсіз бағалау және емтихандардағы парақорлық. Оқушылар мен студенттердің білім деңгейі объективті бағаланбаса, бұл әділетсіздікке алып келіп, білім беру жүйесіне деген сенімді әлсіретеді. Білім беру қызметтеріне қол жеткізуде теңсіздік күшейеді. Жемқорлық арқылы бай және ықпалды адамдар ғана жақсы мектептер мен университеттерге өз балаларын орналастыра алады, ал кедей отбасырдың балаларына сапалы білім алу мүмкіндігі азаяды. Бұл теңсіздік әлеуметтік әділеттілікке қайшы келіп, қоғамда алшақтықтың артуына әкеледі. Жемқорлық білім беру мекемелерінің инфрақұрылымына да теріс әсер етеді. Қаржылық қаражаттың жымқырылуы нәтижесінде жаңа мектептер мен оқу орындарын салу, жабдықтар мен материалдарды жаңарту мәселелері қиынға соғады. Бұл білім беру ортасының сапасын төмендетіп, оқушылар мен студенттердің қолайлы оқу мүмкіндігінен айыруға әкеледі. Сыбайлас жемқорлық мұғалімдердің мотивациясына да теріс әсер етеді. Біліктілікті көтеру, марапаттау кезінде әділдік сақталмаса, сапалы оқытуға деген ынта төмендейді. Бұл жағдай мұғалімдердің кәсіби өсуіне кедергі келтіреді және білім беру сапасына зиян тигізеді. Білім – болашақ ұрпақты қалыптастырушы негізгі құралдардың бірі. Сыбайлас жемқорлықтың білім жүйесіне тигізетін теріс әсері елдің болашағына тікелей ықпал етеді. Сапасыз білім алған жастар болашақта қоғамды дамытуға өз үлестерін қоса алмайды, ал бұл қоғамның жалпы даму деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Жемқорлық оқушылар мен студенттер арасында теріс құндылықтарды қалыптастырады. Адал еңбектің, табандылық пен ұқыптылықтың орнына, пара арқылы мақсатқа жетуге деген ұмтылыс пайда болады. Бұл болашақ ұрпақтың моральдық деңгейін төмендетіп, қоғамдағы жемқорлықтың ұрпақтан ұрпаққа берілуіне себеп болады. Сыбайлас жемқорлық был білім беру саласына айтарлықтай зиян келтіреді. Ол білім сапасын төмендетеді, теңсіздікті арттырады, әділетсіздікті қалыптастырады және болашақ ұрпақтың қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Осы теріс әсерлерден құтылу үшін білім беру жүйесінде ашықтықты арттыру, оқытушылар мен студенттердің құқықтарын қорғау және адалдық пен әділеттілікті насихатау қажет. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру арқылы ғана қоғамның тұрақты дамуы мен сапалы білім беруді қамтамасыз етуге болады.