АБАЙ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 21 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

27
0

«Халық қатысатын бюджет» жобасы – тұрғындардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге тікелей қатысуын қамтамасыз ететін бастама. Бұл жоба арқылы азаматтар өз аумақтарын абаттандыру бойынша ұсыныстарын енгізіп, олардың жүзеге асырылуына ықпал ете алады. Жобаның негізгі кезеңдері бірнешеу. Ұсыныстарды қабылдау. Тұрғындар өздерінің абаттандыру идеяларын жергілікті әкімдіктің ресми сайтында немесе арнайы платформаларда ұсынады. Мысалы, Шымкент қаласының Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында өтінімдер қабылданады. Сараптамалық бағалау. Ұсынылған жобалар арнайы сараптамалық кеңес тарапынан қаралып, ережелерге сәйкестігі тексеріледі. Дауыс беру. Қабылданған жобалар бойынша тұрғындар онлайн дауыс береді. Көп дауыс жинаған жобалар іске асыруға ұсынылады. Жүзеге асыру. Жеңімпаз жобалар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Мысалы, Алматы қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның мақсаты — бюджет процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғындардың өз аумақтарын дамытуға белсенді қатысуына мүмкіндік беру, қоғамдық кеңістіктерді жақсарту арқылы өмір сүру сапасын арттыру. Қатысу үшін жергілікті әкімдіктің ресми сайтында немесе арнайы платформаларда тіркелу, өз ұсынысыңызды жобалық өтінім түрінде толтыру (жобаның атауы, сипаттамасы, эскиздер, смета және т.б.), өтінімді белгіленген мерзімде жіберу керек. Осы тұса айта кетерлігі, “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында 21 жоба оның ішінде, 20 жобаның 18-і балалар алаңшасы және 2 спрот алаңшасы салынып пайдалануға берілді.  Жалпы қаралған қаржы – 491,2 млн теңге. Сонымен бірге, жоба құны – 76,1 млн теңгені құрайтын халық қатысатын бюджет жобасы аясында 1 гүлзар Жиделі шағын ауданына салынуда. Сондай-ақ 22 көшеге 15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Аудан аумағына 20 қоқыс алаңшасын  орнату және орталық көшелерге 363 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда жұмыстар аяқталған. 9 нысанға ирригациялық жүйелер орнатуға – 443,7 млн теңге қаржы қаралып, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жұмыстар атқарылуда. Мердігер мекеме — «ӘлемТрансЖол» ЖШС. Ал аз қамтылған отбасыларға, мүгедек күтуші, қолайсыз отбасыларға, тыл ардагерлеріне, пробация есебінде тұрған азаматтарға, жеке қабылдауға келген азаматтарға білдірушілерге демеушілер есебінен 659-ден астам отбасыға азық-түлік түрінде көмек берілді. Айта кету керек, бұған дейін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы аудандағы инфрақұрылымдық даму туралы баяндады. Әкімнің мәліметінше, қазіргі таңда аудан аумағындағы 27 елді мекенде 257,7 мың халық тұрады, олар 55 159 жеке үй және 220 көпқабатты тұрғын үйлерді қамтиды. Сонымен қатар, ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысан бар. Ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз ету деңгейі толықтай 100 пайызға жеткен. Аудандағы 23 елді мекен табиғи газбен қамтылған, бұл 85,2 пайызды құрайды. Тағы 4 елді мекенде газ жүйесінің құрылысы жүргізілуде, олардың ішінде Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайы, Ынтымақ-2 шағын ауданы, және Тәуелсіздікке-20 жыл тұрғын алабы бар. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде. 27 елді мекеннің 7-еуі ғана кәріз жүйесімен қамтылған. 2023 жылдан бері 5 ірі жобада кәріз жүйесінің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде Достық және Бозарық шағын аудандарында жұмыстар аяқталды. Құрылыс қарқыны жалғасуда: 2024 жылдың соңына дейін Тұран-А-2 тас жолы коллекторының құрылысы аяқталып, 2025 жылға қарай Шымсити-Төлеметов коллекторының құрылысы жалғасады. 2025-2026 жылдары тағы 8 елді мекенде кәріз жүйесінің құрылысын бастау жоспарланған. Нәтижесінде 2026 жылға қарай ауданның кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткіші 55,5 пайызға дейін ұлғаймақ. Бұл көрсеткіштер ауданның инфрақұрылымдық дамуын айқын көрсетеді және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. 2024 жылы Абай ауданында инфрақұрылымдық жобалар аясында жолдарды асфальттау, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Ауданда 1274 көше бар, олардың жалпы ұзындығы 1080,1 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальт жолдар – 573 шақырым немесе 48,5 пайыз, тас жолдар – 450,2 шақырым немесе 25,7 пайыз, топырақ жолдар – 57 шақырым немесе 2,8 пайыз. Абай ауданының 2024 жылы абаттандыруына ерекше көңіл бөлінді. Ауданның әкімдік аппаратына жалпы 3,88 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржы мерекелік іс-шаралар, елді мекендерді абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын салу, көшелерді жарықтандыру сияқты түрлі жобаларға бағытталған.  Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 22 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 18 балалар алаңы және 2 спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жобаларға 491,2 миллион теңге қарастырылды. Абай ауданының инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы бұл жұмыстар аудан халқының өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. Абай ауданының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ауқымды жобалар қолға алынды. Бұл шаралар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. «Таза Өлке», «Киелі Мекен», «Өнегелі Ұрпақ», «Жасыл Аймақ» және «Мөлдір Бұлақ» акциялары аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Тазаланған аймақтар: Асар, Шымсити, А.Асқаров атындағы Дендросаябақ, Қызылжар, Игілік, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Бәйдібек би даңғылы, А-2 тас жолы, Қошқар ата өзені және жалғызілікті қариялардың үй аулалары. Тазалық жұмыстарының қатарында аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету де назардан тыс қалмады. Аз қамтылған отбасылар, мүгедек күтушілері, қолайсыз отбасылар, тыл ардагерлері және пробация есебінде тұрған азаматтарға демеушілер есебінен 659-дан астам отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.