БАЛАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

20
0

Балалар саулығы — бұл баланың физикалық, психологиялық және әлеуметтік дамуы мен саулығын қамтамасыз ететін маңызды аспектілердің бірі. Баланың денсаулығы оның өсіп, дамуына, мектепте және өмірде жақсы нәтиже көрсетуіне, дұрыс әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруына тікелей әсер етеді. Баланың физикалық денсаулығын қамтамасыз ету үшін дұрыс тамақтану, таза су ішу, дене жаттығулары жасау және ауруларға қарсы профилактикалық шаралар қолдану маңызды. Баланың өсуі мен дамуы үшін барлық қажетті дәрумендер мен минералдармен қамтамасыз ету керек. Баланың психологиялық саулығы оның өзіне деген сенімділігі, эмоционалды тұрақтылығы, және өзін-өзі қабылдауы сияқты факторларға байланысты. Психологиялық саулықты сақтау үшін ата-аналар мен жақындары жағымды эмоциялар туғызу, қолдау көрсету, және қауіпсіз орта қалыптастыру керек. Баланың әлеуметтік дағдыларын дамыту және басқа балалармен дұрыс қарым-қатынас орнатуы маңызды. Бұл балаларға қоғамда өздерін ыңғайлы сезінуге, командада жұмыс істей алуға және болашақта өздерін жақсы сезінуіне көмектеседі.

Баланы уақтылы дәрігерге көрсету, вакцинациялау, профилактикалық тексерулерден өткізу — денсаулықты сақтау үшін маңызды қадамдар. Балалардың дамуын үнемі бақылап отыру және қажетті көмек көрсету маңызды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың өміріне қауіп төндіретін факторларды барынша азайту қажет. Үйде, көшеде және мектепте қауіпсіздік ережелерін сақтау, баланың жарақаттану мүмкіндігін төмендетеді. Балалар саулығы үшін ата-аналар мен қоғамның рөлі өте маңызды. Дұрыс тәрбие беру, балаларды жақсы көру және олардың дамуына жағдай жасау балалардың сау әрі бақытты болуына септігін тигізеді. Бала саулығы – ұлт болашағының маңызды көрсеткіші. Балалардың саулығын сақтау мен нығайту үшін дәрігерлер ерекше көңіл бөледі. Профилактикалық тексерулер, вакцинация, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділікті насихаттау – балалардың саулығын сақтау үшін маңызды шаралар болып табылады. Қазақстанда балаларға арналған емханалар мен педиатриялық орталықтар ашылып, заманауи емдеу және диагностикалық әдістер қолданылады. Балалардың саулығын нығайтуда ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеу, олардың балаларды дұрыс күтуде білікті кеңес алуы да үлкен маңызға ие.Балалар денсаулығы – қоғам болашағының кепілі. Осы орайда, Шымкент қаласында балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, сондай-ақ ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өкілдері мен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты. Кеңес барысында балалар денсаулығын сақтаудың қазіргі жағдайы, медициналық көмек көрсету стандарттары, және шешімін таппаған мәселелер талқыланды. Мамандар балаларға сапалы көмек көрсету үшін білікті кадрлар, әсіресе ауылдық жерлерде педиатрлар мен балалар хирургтерін көбейту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, шұғыл көмек көрсетуге арналған курстар мен ақпараттық материалдардың қолжетімді болуы маңызды екендігі атап өтілді. ЮНИСЕФ пен ДДҰ өкілдері жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларды патронаждық бақылау жүйесі туралы баяндап, баланың дамуын ерте анықтау мақсатында скринингтерді жетілдіру қажеттігін айтты. Қорытынды сөзінде Мағрипа Ембергенова «Балалардың денсаулығы – ұлт болашағының кепілі. Медициналық көмек сапасын арттыру арқылы балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік бар», – деді. Жалпы медициналық көмекті жетілдіру денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Оның ішінде медициналық қызмет көрсету процестерін оңтайландыру, науқастарға қолайлы жағдай жасау және емдеу сапасын арттыру маңызды рөл атқарады. Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және бағалау жүйелерін енгізу арқылы халыққа көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі жақсарып келеді. Айта кетейік, Шымкент қаласында жүзеге асып жатқан жұмыстардың қатары қалың. Соңғы жылдар ішінде үшінші мегаполистегі бірқатар денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайды. Ақ халаттылар шетелдерде білімін толықтырып қайтты. Осының арқасында күрделі оталарды өңірдегі медициналық мекемелерде жасау мүмкін болды. Мұның айқын айғағын жуырда ғана өткен күрделі отадан айқын көруге болады. Тарқатар болсақ, Шымкентегі №1 қалалық клиникалық ауруханасына 60 жастағы ер кісі 18 тамызда түнгі 04.00 де қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен ауыр жағдайда түскен. Жағдайының ауырлығына байланысты науқасты дәрігерлер реанимациялық залға кіргізіп, шұғыл көмек көрсеткен. Пациентте пульс анықталмай, есінен танып, жүрек соғысы болмаған. Медицина қызметкерлері жедел түрде реанимациялық шараларды бастап, қатарласа анализ алынып, УДЗ түсірілген. Кейіннен жүрек соғысы қалыпқа келген науқасқа хирургтар мен анестезиологтар шешімімен жедел түрде ота жасалды. Ота кезінде іш қуысына 4000мл дейін қан болған. Ота кезінде жүрек тағы бір рет тоқтап қалпына қайта келтірілді және қан құю процессі қатарынан жүргізілді. Операцияда бауыр мен асқазан аралық байлам жыртылғаны анықталып, хирургиялық жолмен байланды. Дәрігерлер отаның сәтті өткенін айтып, екі тәуліктен кейін науқасты жансақтау бөлімінен хирургия бөлімшесіне ауыстырған. Қуаныштысы сол, пациент алған клиникалық өлім және отасына қарамай тез айықты. Бір айға жуық медицина қызметкерлерінің бақылауында болған науқас сауығып, ауруханадан үйіне шықты. Айта кету керек, Шымкент қаласында жалпы өлім көрсеткіші 8%-ға және нәресте өлімі 20,6%-ға төмендеді. Өткен жылдың басынан бері қалада Ана өлімі тіркелмеді. Ал туберкулезден болатын өлім-жітім 66%-ға төмендесе, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 6,5%-ға төмендеді. Басқарма мәліметінше, сонымен қатар халыққа сапалы, уақтылы медициналық қызмет көрсету мақсатында 10 медициналық ұйым аккредиттеуден өтті. Жалпы Шымкентте балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Жыл басынан бері «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесінде 162 бала қалпына келтіру және оңалту емінен өтті. Бұл туралы басқарма басшысы «Биыл сәуір айында неврологиялық және басқа да патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған №2 оңалту орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылды. Ол жерде барлығы 162 бала қалпына келтіру және оңалту емінен өтті. Балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында қалалық клиникалық балалар ауруханасында 180 төсектік жаңа корпус ашылды. Төсек саны 315-тен 495-ке дейін ұлғайтылды» деп атап өтті. Бұдан бөлек, биыл үшінші мегаполистегі №5 қалалық емхана мен №1 қалалық клиникалық аурухана ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.