ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСЫН ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗУДЕ

Түркістандық жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында тұрғындарға арнайы үнпарақтар таратып шықты.  Үнпарақтарда сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянды әсерлері мен оның алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, парақорлықпен күресу жолдары, заң талаптары және әр азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мүмкіндіктері түсіндірілді. Бұл іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және қоғамды адалдық пен әділдікке шақыру болып отыр.

Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жүргізілетін іс-шараларды тиімді ету мақсатында мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру қылмыстық шабуылдан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына да байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін күшейтеді. Қазір әлем елдерінің алдында тұрған өзекті мәселенің бірі – жастардың арасындағы сыбайлас жемқорлық. Орасан зор салдары бар бұл әлеуметтік дерттен біздің қазақстандық жастар қоғамы да белгілі бір деңгейде зардап шегіп отыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты өткір сипат алып, бұрынғыдан бетер өзектілене түсуімен назар аудартады. Себебі, жемқорлық дерті мемлекеттік қызметке баратын жастардың және пара алатын лауазымды тұлғалардың беделін түсіріп қана қоймай, билік жүйесінің, сонымен қоса бүкіл әлеуметтік жүйенің құлдырауына әкеп соғуымен қауіпті.

3395