ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ҮГІТ НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі маманы М.Қайқыбаева № 21 М.Пошанов атындағы жалпы орта мектебінің бітіруші түлектеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша үгіт насихат жүргізді.
Әрбір мектеп бітіруші түлек – еліміздің болашағы! Қазіргі уақытта мемлекет жастардың сапалы білім алуына, өз мамандығын дұрыс таңдауына және жұмысқа орналасуына үлкен көңіл бөлуде. Осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, жүзеге асырылып келеді.
- Білім гранттары: Жыл сайын Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарында білім алу үшін мемлекеттік гранттар бөлінеді. Бұл гранттар арқылы жастар тегін білім алып, білікті маман болуға мүмкіндік алады.
- “Серпін” бағдарламасы: Бұл бағдарлама арқылы еліміздің кейбір аймақтарына, әсіресе маман тапшылығы байқалатын өңірлерге жастарды тарту көзделген. Бұл бағдарлама аясында оқып, кейін сол аймақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.
- “Жастар практикасы” бағдарламасы: Мектеп бітірушілер мен жаңа мамандар өз саласында тәжірибе жинақтау үшін жұмыс орындарына бағытталады. Бұл бағдарлама еңбек нарығында қажетті тәжірибе алуға көмектеседі.
- “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы: Ауылдық жерлерде білім беру, медицина және басқа да салаларда жұмыс істегісі келетін жастарға қолдау көрсетіледі. Бағдарлама аясында үй алу үшін жеңілдетілген несиелер мен көмек ұсынылады.
«Жастар практикасы» бойынша 9 мың жас жұмыспен қамтылған. «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша 500-ден астам жас маман жұмысқа орналасқан. Ал жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша 594 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген несие берілген. Бүгінге дейін мыңға жуық өтінім келіп түскен. 15 мыңнан астам жас колледждерге тегін оқуға түсіп, бөлінген грант толық игерілген.
Қазіргі таңда NEET санатындағы 58 510 жас бойынша мәліметтер «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілді.Жастарды келеңсіз жағдайдан қорғау мақсатында психо-профилактикалық шаралар, ыстық нүкте бойынша психопрофилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізіліп, жастарға жеке мәселе бойынша психологиялық көмек көрсетілген. Бұдан бөлек ауылдар мен елді мекендерде де рейдтік және республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған. Өңірде әскерге шақырушылар саны артып келеді. Облыс бойынша 122 волонтерлық ұйым жұмыс істейді, оған 8 366 белсенді жас мүше.
Қорыта айтсақ, «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімі қазір жастардың мемлекет беріп отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдалануына ықпал етіп келе жатыр. Сонымен қатар, жастар арасындағы жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізіп, азаматтардың өз ойларын іске асыруына мұрындық болып отыр. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, оң нәтиже көрсетудің маңызы зор деп білеміз.