ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛУДЕ

17
0
Түркістан өңірінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын аудан, қалаларда кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде.
Жұмысшы топ құрамы Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-ның басшылық құрамы қызметкерлерінен құралды.
Негізгі мақсат – аудандарда кәсіпкерлерді қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қазіргі таңда, түсіндіру жұмыстары Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт, Сауран, Ордабасы, Отырар аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қаласында өтті. Онда аудан тұрғындары өздерін алаңдатқан сауалдарды жауапты мамандарға қойып ұтымды жауап алды, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен қаржылай қолдау тетіктері таныстырылды.
Түсіндіру жұмыстары қалған аудан, қалаларда да өткізіледі.
Кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шаралары:
✅ Мемлекеттік гранттар мен субсидиялар – жас және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қайтарымсыз қаржы алу мүмкіндігі.
✅ Жеңілдетілген несие беру – «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алу.
✅ Кепілдік беру және қаржылық қолдау – «Даму» қоры арқылы несие кепілдігін алу.
✅ Кәсіпкерлік негіздерін оқыту – «Bastau Business» жобасы арқылы бизнес-жоспар жасау және кәсіпті тиімді жүргізу бойынша білім алу.
✅ Инфрақұрылымдық қолдау – өндірістік аймақтар мен индустриалды парктерде жеңілдетілген шарттармен жұмыс істеу мүмкіндігі.
✅ Экспортты қолдау – сыртқы нарыққа шығуға көмек көрсету және логистика шығындарын субсидиялау.
✔️Жиын барысында кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, сауда және қызмет көрсету салаларындағы өзекті мәселелерін көтеріп, сала мамандарынан нақты жауап алды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, мемлекеттік тапсырыстарға қатысу және жер телімдерін рәсімдеу тақырыптары қызу талқыланды.
Кәсіпкерлер мен шаруалар үшін мұндай кездесулер бизнесті дамытуда маңызға ие. Басқарма өкілдері өңірдегі кәсіпкерлікті өркендету бағытындағы жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.