ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

72
0
4 қараша күні №41 мектеп –лицейі базасында Шымкент қаласы білім басқармасының қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен «Ел болашағы – білімді ұрпақ» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Еңбекші аудандық білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы іріктеу кезеңі өткізілді.
Турнирдің мақсаты мен міндеттері — Жастар арасында ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіппен азаматтық танымды таныта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер арасында, жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылық, жан-жақты мониторингтік зерттеулер жүргізе отырып, пікірсайыс арқылы толыққанды насихаттау, азаматтық жауапкершілігі зор, интеллектісі жоғары, рухани жан дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру мен дамыту, Шымкент қаласындағы мектеп оқушыларының арасынан республикалық турнирге қатысатын құрамды жасақтау. Турнирді ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитетінің және әділқазылар алқасының құрамын қалыптастырады.
Шымкент қаласы,Еңбекші аудандық іріктеу дебат турнирінің қорытындысы бойынша (қазақ лигасы):
I орын А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушылары Жұманазар Багжан,Абибулла Нұрай:
IІ орын « »№99 мектеп-лицейінің оқушылары Мамыр Аружан, Хусаинова Медина
ІІI орын «Алаш ұрпақтары »№ 97 мектеп оқушылары: Жолдыбай Мөлдір, Мырзан Гүлсезім
Ең үздік фракция- IT №24 мектеп-лицейінің оқушылары Орал Ерасыл, Абылғазиев Даулет
Ең үздік талпыныс-Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп- гимназия оқушылары Алтынбек Арайлым, Алпысбай Камшат
Ең үздік спикер -№ 30 мектеп оқушысы Тастемір Жәнібек
Орыс лигасы:
I орын «Лидер» фракциясы Қазыбек би атындағы №36 мектебінің оқушылары: IІ орын №28 мектеп оқушылары ;
ІІ орын «Nakano» фракциясы №28 мектеп-лигасы оқушылары: Джайлауова Алтынай, Ерханова Камила
ІІІ орын «Олимп» фракциясы №46 мектеп-лигасы оқушылары: Сапаров Мейржан, Тоғайбек Асанәлі
Ең үздік спикер- №43 мектеп оқушысы Михайлова Дарья
Ең үздік фракция- №24 мектепо қушылары Ғалымжанұлы Зейін, Тоқсейітов Аяулым
Ағылшын лигасы:
I орын Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия «Griftindor» оқушылары: Масұрманқұл Назым, Кулманова Аяулым:
IІ орын «Rebels»«БИЛ» 2 оқушылары: Қолдасова Айда, Аманжол Анарай
ІІI орын «Парасат» фракциясы №38 мектеп оқушылары Айымшева Әмина, Хайтбекова Карина
Еңүздік фракция- №30 мектеп оқушылары Шамкова Любовь, Лупов Константин
Ең үздік талпыныс- №124 атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары:Рүстемов Диярбек, Камилваева Дильноза
Ең үздік спикер- № 30 ЖОББМ оқушысы Лупов Константин
Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық дебат турнирінің іріктеу кезеңінің жеңімпаздары енді қалалық кезеңде бақтарын сынамақ.