ОРДАБАСЫДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

31
0
Ордабасы ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Бүгін Қажымұқан ауылдық округі, Амангелді ауылындағы газ нысанының құрылысы аяқталып, іске қосылды.
✔️Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков және аудандық мәслихат депутаты Бейсенбай Сатыбалдиев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар ізгі ниеттерін жеткізді.
✔️Нысанның құрылысы 2021 жылы “НИП-А-А-А” ЖШС мердігер мекемесі тарапынан басталған. Жалпы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 200-ден аса абонентке газ жеткізілді.
✔️Айта кетейік, Ордабасы ауданы бойынша 57 елді мекеннің 61,4%-ы табиғи газбен қамтылып отыр. Қазіргі уақытта 4 елді мекеннің (Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай) құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, газ құбырларына сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурыз айында аталған елді мекендерге көгілдір отын беру жоспарланып отыр. Жалпы аудан көлемінде 35 елді мекен табиғи газбен қамтылған.