ҚАЛАДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН СПОРТ НЫСАНДАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазиев көшесін Арғынбековтен Төлеметовқа дейін және Жандосов көшесін Сасбұқаевтан Адырбековқа дейін ұзарту жобаларымен танысты. Құрылыс ұйымдары жобаның жүзеге асырылуын және бюджеттік шығындарды оңтайландыру мәселесін талқылады.
Сондай-ақ, Сасбұқаев көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп, оны көгалдандыру мен абаттандыру шараларымен қатар жүргізу тапсырылды.
Қала басшысы Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы Орталық стадионның жөндеу жұмыстарын да қарады. 1969 жылы ашылғаннан бері газон бірде-бір рет жаңартылмаған. Енді аренада жаңа табиғи жамылғы мен автоматты суару жүйесі орнатылады.Сонымен қатар, футболшыларға арналған жаттығу залының құрылысы жоспарланған. Стадион басшылығы мен мердігер ұйымға инклюзивті орта қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.