ҚАЛА ӘКІМІ «ОРДАБАСЫ» ФК ЖАҢА БАС БАПКЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» футбол клубының жаңа бас бапкері Андрей Мартинмен кездесті.
Кездесу барысында команданың маусымға дайындығы талқыланды. Бас бапкер маусым алдындағы дайындық туралы мәлімет берді. Жалпы маусымаралық кезеңде құрам айтарлықтай жаңарып, жас ойыншылармен толықты.
Қала басшысы өз сөзінде «Мен үшін клуб сапында шымкенттік футбол мектебінің 10 тәрбиеленушісінің болуы маңызды», — деді.
Сондай-ақ, бас бапкерге қарқынды әрі мықты шабуылмен ойын көрсетіп, жоғары орынға таласуды міндеттеді. Жергілікті футболшыларға ерекше көңіл бөліп, өздерін жоғары деңгейде көрсетуіне мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті.