САЙРАМДА «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» КАДЕТ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

40
0
Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті мен Облыстық білім басқармасы бірлесіп, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі, Қасымбек датқа ауылындағы «Green school» иновациалық мектебінен «Жас құтқарушы» кадет сыныбының салтанатты ашылу рәсімін өткізді.
Мұндағы жас кадеттер төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік негіздерін үйреніп, саптық дайындықтан өтіп, мектепішілік және ведомстволық іс-шараларға белсенді қатысады. Атап өту керек, Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуде. Негізгі назар балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету ережелерін үйретуге бағытталған, бұл олардың қауіпсіздік дағдыларын ерте жастан қалыптастыруға ықпал етеді.
Жаңа кадет сыныбының ашылуына орай облыстағы «Жас құтқарушы» кадет сыныбының оқушылары арасында жарыстар өткізілді. Бұл жарыстар кадеттер үшін өздерінің білімдері мен дағдыларын нақты төтенше жағдайларға жақын шарттарда көрсетуге тамаша мүмкіндік берді.