АҚШ ҚЫТАЙЛЫҚ ИМПОРТҚА БАЖ САЛЫҒЫН 104 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН АРТТЫРДЫ

Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) Ақ үйдің баспасөз хатшысына сілтеме жасай отырып жазды.
«104%-дық қосымша баждар 9 сәуірден бастап күшіне енеді», – деп жазды Лоуренс.
Ол жаңа тарифтер Қытайдың АҚШ-тың баж салығына қарымта ретінде енгізген тарифін алып тастамағанынан туындағанын айтты.
Айта кетсек, күні кеше Дональд Трамп Бейжің, АҚШ тауарларына 34% баж салығын салатын райынан қайтпаса, қытай тауарларына 50% қосымша тариф енгізетінін мәлімдеген болатын. Өз кезегінде, Қытай жексенбі күні Трамптың өткен аптадағы шешіміне қарымта ретінде, америкалық өнімдерге де 34 пайыз салық енгізетінін хабарлады. Бұған ашуланған Трамп өзінің әлеуметтік желісі арқылы Қытайға ескерту жасады. Тіпті, тариф мәселесі бойынша екі жақты кездесу өткізуден уақытша бас тартатынын да айтты.