АЖЫРАСУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДЫ 400 ЕСЕГЕ КӨТЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ

2025 жылдың 9 сәуірінде Мәжіліс алаңында депутат Берік Бейсенғалиев неке бұзу үшін алынатын мемлекеттік бажды 0,5-тен 200 АЕК-ке дейін көтеру идеясын қолдайтынын мәлімдеді.
Жаңа Салық кодексінде некені бұзу үшін мемлекеттік баж салығын арттыру жастардың эмоцияның әсерінен шешім қабылдамай, саналы түрде қабылдауына бағытталғанын атап өтті.
«Жекелеген депутаттар ұсынған шаралар, менің ойымша, жақсы бастама, АЕК деңгейін көтеру керек, мен 20 емес, 200 АЕК ұсынар едім!»– деді Берік Бейсенғалиев.
Әзірге депутаттар некені бұзу үшін алынатын мемлекеттік бажды 0,5-тен 5 АЕК-ке (2025 жылы 19 660 теңге) көтеруді ұсынып отыр. Қазіргі таңда некені бұзуға 1966 теңге қажет. 200 АЕК болғанда сома 786 400 теңгені құрайды.