ТҮРКИЯНЫҢ БАТЫСЫНДА 4,5 БАЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛДЫ

Түркияның батысындағы Кютахья қаласында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады Report.

Бұл туралы Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 07:23–те (Қазақстан уақытымен 09:23) қаланың батысындағы Симав ауданында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 8,81 км тереңдікте орналасқан.

— Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ, — делінген хабарламада.