ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 11 БАҒЫТ БОЙЫНША ҚОСЫМША ПОЙЫЗДАР ҚАТЫНАЙДЫ

Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымда 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті.
— Бұл шешім жолаушылардың демалыс маусымындағы жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында қабылданды. Жаңа пойыздар қозғалыс кестесіне енгізіліп, бірқатар бағыттар бойынша қатынау жиілігі арттырылатын болады, — делінген хабарламада.
2025 жылғы маусым мен қыркүйек айлары аралығында төмендегі пойыздар қатынайтын болады:
3 тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады:
1.№ 253/254 «Астана — Достық» (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
2.№ 207/208 «Алматы — Жаланашкөл» (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.
3.№ 211/212 «Алматы — Достық» (Тальго) пойызы күнара қатынайды.
4.№ 221/222 «Алматы — Достық» пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
5.№ 457/458 «Семей — Достық» пойызы күнара қатынайды.
6. № 459/460 «Өскемен — Достық» пойызы күнара қатынайды.
7.«Алматы — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
8.«Қызылорда — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
9.«Павлодар — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
10.№ 201/202 «Астана — Алматы» пойызы күн сайын жүреді.
11.№ 203/204 «Астана — Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.
Қосымша пойыздардың іске қосылуы 270 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.