Мақсат – миллион түп тал!

345
0

IMG_71597444444444444444444444444444Туған ауылмызды гүлдендіру, көгалдандыру шараларының кешеуілдетуді күтпейтін мәселе екені баршаға аян. Өйткені ауданымыздың бет-бейнесі бұл жұмыстардың қаншалықты дәрежеде жүзеге асырылғанына да байланысты. Бізге келген қонақтар ең алдымен қоныстардың табиғатына, тазалығына назар салады. Жалпы, өсімдік атаулы адам өмірімен тығыз байланысты. Оның арқасында пайда болатын көгілдір әлем жас ұрпақты әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Ауданымыздың әкімі Данияр Ізбасарұлының «Миллион түп тал егейік!», — деген ұсынысы көпшіліктің көңілінен шығып, «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру жолында сенбіліктер ұйымдастырылғаны, ауылдарды көгалдандыру, көшелерді, үй аулаларын санитарлық тазалау жұмыстарына аудан тұрғындарының жаппай қатықаны көңіл қуантады.
Осы ұсынысқа байланысты аудандағы барлық қоғамдық ұйымдар үн қосып, аудан тұрғындарына Үндеу жолдаған болатынбыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,— деген осы шығар. Жайқалып өскен жасыл желек — көз қуанышы, қарасаң жаныңды жадыратады. Бүгінде ауданымызда 550 000 түп ағаш егілді. Оның – 1500-і  шырша да, қалғаны жеміс ағаштары, түрлі мәдени сәндік ағаштар.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»,— деп дана ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың болашағы үшін бастаған игілікті тірлігімізді нәтижелі іспен жалғастыра беретін боламыз.

З.ӘБІШ, Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары.